ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН БІЛУ – ӨЗІҢДІ ДЕ, ӨЗГЕНІ ДЕ ҚОРҒАУ


24 қыркүйекте Saginov Technical University бас ғимаратында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бағыты бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

Дабыл белгісі берілгеннен кейін студенттер, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер ғимараттан белгіленген тәртіппен эвакуацияланды. Мұндай жаттығулар төтенше жағдайда абдырамай, қауіпсіздік талаптарына сай нақты әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру үшін маңызды.

Қатысушыларға өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану тәртібі көрсетіліп, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету тәсілдері таныстырылды. Бұл – әрбір студент пен қызметкер білуі тиіс өмірлік маңызы бар қарапайым, бірақ қажетті дағдылар.

Іс-шараны Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі директор Гульназ Нургалиевна Мусина  ұйымдастырып, оқу-жаттығудың өту барысын үйлестірді.

Қорытындысында Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Рақышұлы Нүсіпбеков іс-шараға атсалысқан баршаға алғыс айтып, қауіпсіздік талаптарын білу мен оларды іс жүзінде қолдана білудің маңызын атап өтті.

Без рубрики