Санкт-Петербургтегі «Инженерлік ғылымдар бойынша қысқы университет»


Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (СПбПУ) Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инженерлік және техникалық білім беру бағдарламаларының 3–4 курс студенттерін «Инженерлік ғылымдар бойынша қысқы университет» халықаралық білім беру жобасына қатысуға шақырады.

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 23 қараша – 6 желтоқсан
Өтетін орны:  Санкт-Петербург қ., Ресей, СПбПУ кампусы
Университетімізге бөлінген орын саны: 5 студент
Қатысу форматы: офлайн

Қатысу шарттары

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қатысушылары үшін СПбПУ 5 орын бөліп, келесі шығындарды өз мойнына алады:

  • Санкт-Петербургке бару және кері қайту жол ақысы;
  • бағдарлама кезеңінде тұру шығындары;
  • іс-шара барысында тамақтану шығындары.

Қатысушыларды іріктеу

Бағдарламаға қатысу үшін Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ішкі конкурстық іріктеуден өту қажет.

Іріктеуге инженерлік және техникалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 3–4 курс студенттері қатыса алады.

Ішкі іріктеу нәтижесі бойынша университет атынан 5 студент ұсынылады.

Ішкі іріктеуге өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 20 қыркүйекке дейін.
Іріктеуден өткен студенттерді Қысқы университет порталына тіркеу 2026 жылғы 4 қазанға дейін жүргізіледі.

Бағдарлама сайты: winteruniversity.ru

Қатысу және ішкі іріктеу мәселелері бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуға болады.

Халықаралық білім беру бағдарламасына қатысып, жаңа білім мен кәсіби тәжірибе алуға және халықаралық академиялық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік алыңыз!

 

Без рубрики