SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY — ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТАҢДАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОО ҚАТАРЫНДА!


 

 

 

Saginov Technical University мемлекеттік білім беру гранттары ең көп бөлінген еліміздегі ТОП-20 жоғары оқу орнының қатарына енді. Ал мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің таңдауы бойынша университет бакалавриат деңгейінде ТОП-16 жоғары оқу орнының қатарынан орын алды.

Бұл көрсеткіштер талапкерлер тарапынан университеттің білім беру бағдарламаларына деген сұраныстың жоғары екенін, техникалық және инженерлік бағыттардың өзектілігін көрсетеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде де Saginov Technical University жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

Бакалавриат — ТОП-16
Магистратура — ТОП-15
PhD докторантура — ТОП-20

Бұл нәтижелер — білім беру бағдарламаларын жүйелі жетілдірудің, еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлаудың, ғылым мен өндіріс байланысын нығайтудың және білім сапасын арттыру бағытындағы тұрақты жұмыстың нәтижесі.

Saginov Technical University — талапкерлер таңдаған сапалы техникалық білім мен инженерлік болашақтың мекені!

Без рубрики