Хабарландыру Сидорина Е.А. диссертациялық жұмысын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Сидорина Елена Анатольевна 8D07203 — «Металлургия» мамандығы бойынша «Металлургиялық агрегаттар үшін жоғары пайдалану қасиеттері бар футеровканы алу технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасында және Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің Жаңа материалдар мен технологиялар институтындағы «Керамика және отқа төзімді материалдардың химиялық технологиясы» кафедрасының зертханасында орындалды.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі – орыс тілі.

Ғылыми кеңесшілер:

Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы – техника ғылымдарының докторы, «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ атқарушы директоры, Қарағанды қ., Қазақстан;

Кащеев Иван Дмитриевич – техника ғылымдарының докторы, Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің «Керамика және отқа төзімді материалдардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы.

Ресми рецензенттер:

  1. Богомолов Алексей Витальевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Металлургия» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан;
  2. Мыңжасар Есмұрат Аманғалиұлы – PhD докторы, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ «Металлургия және материалтану» кафедрасының аға оқытушысы, Теміртау қ., Қазақстан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Ким Александр Сергеевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Бор» зертханасының бас ғылыми қызметкері, Қарағанды қ., Қазақстан;
  2. Салина Валентина Алексеевна – техника ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер, Ресей ғылым академиясы Орал бөлімшесінің академик Н.А. Ватолин атындағы Металлургия институтының Ұнтақты материалдар мен керамика зертханасының аға ғылыми қызметкері, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы.
  3. Сұлтамұрат Гүлмира Изатуллақызы — техника ғылымдарының кандидаты, «С.Баишев атындағы Ақтөбелік университеті» КеАҚ «Өндірістік және өңдеуші салалар» кафедрасының басшысы, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Қорғау форматы аралас түрінде 2026 жылдың 27 тамызда күні, сағат 14.00-де, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 тау-кен корпусы, 206 аудиторияда, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ мекенжайы бойынша өткізіледі.

Диссертациялық кеңестің мекенжайы: 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 корпус – 223 ауд.

Сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/3507044755?pwd=m6fjwtXtJVCaKSdMa4lqoXLy4Qv0r9.1&omn=83231969945

Конференция идентификаторы: 350 704 4755

Кіру коды: 3L1Pw3

Диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауда ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Аринова Сания Қасқатаевнаға электрондық пошта арқылы жіберу қажет. E-mail: s.arinova@ktu.edu.kz

Без рубрики