Хабарландыру Мухитова А.Е. диссертациялық жұмысын қорғау туралы


8D07101 «Машина жасау», 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламалары және 6D071200 «Машина жасау» және 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 8D07101 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Мухитова Аделия Ержановнаның «Электр қозғалтқышының біліктерін қалпына келтіру кезінде олардың технологиялық сапасын қамтамасыз ету әдістерін жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасында орындалды.

Ресми рецензенттер:

  1. Айнабекова Сәуле Серікбайқызы – PhD, профессор ассистенті, «Металл өңдеу» кафедрасының меңгерушісі, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ, Теміртау қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Тусупова Саягүл Оралқызы – PhD, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессор ассистенті, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Жаркевич Ольга Михайловна – техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ;
  2. Чернышеюс Олегас – PhD докторы, Вильнюс Гедиминас техникалық университетінің «Механика және материалтану» кафедрасының профессоры, Вильнюс, Литва.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Қасенов Асылбек Жұмабекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің академиялық істер жөніндегі проректоры, Тараз қаласы, Қазақстан Республикасы;
  2. Асмағамбет Диана Кенжебайқызы — PhD, Цифрлық үкіметті қолдау орталығы ШЖҚ РМК, әлеуметтік блок бағытының Senior director, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
  3. Муминов Рашид Олимович — техника ғылымдарының докторы, Навои мемлекеттік тау-кен технологиялық университетінің инженерлік механика кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, Навои қ, Өзбекстан Республикасы.

Қорғау: 2026 ж. 30 маусым, сағат 14:00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 8D07101 «Машина жасау», 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» оқу бағдарламалары және 6D071200 «Машина жасау» және 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте, 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бірінші корпус, 236 ауд. мекенжайы бойынша өтеді. Қорғау Zoom платформасында (сәйкестендіру нөмірі 938 054 8821, кіру коды 1953) онлайн режимінде өтеді.

Сайт мекен-жайы: www.kstu.kz

Диссертацияның мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауға одан әрі ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Сулеев Бахтияр Данияровичке электрондық поштаға жіберу қажет, e-mail: b.suleev@ktu.edu.kz

Без рубрики