«Бірлескен білім беру бағдарламалары: идеядан іске асыруға дейін» атты дөңгелек үстел өтті


27 сәуір күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасында Қырғыз Республикасының И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті делегациясының сапары аясында «Бірлескен білім беру бағдарламалары: идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында шетелдік сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға шетелдік делегация мүшелері: экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Майрам Мааданбекова, PhD докторы, доцент, білім беру бағдарламасының жетекшісі Зульфия Тохтыева, экономика ғылымдарының кандидаты, халықаралық байланыстарға жауапты доцент Адиля Омурбекова, PhD докторы, доцент Индира Курбанова, экономика ғылымдарының кандидаты, магистратураға жауапты доцент Нургуль Алджембаева, аға оқытушы, кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Замира Жолдошова қатысты.

Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Баяндамалармен кафедра меңгерушісі Гаухар Танекеева, магистратураға жауапты қауымдастырылған профессор Айгерим Шаметова, сондай-ақ кафедраның сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы, қауымдастырылған профессор Айгуль Дарибекова сөз сөйледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту және сапасын арттыру, академиялық ұтқырлықты кеңейту және ЖОО арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларын жобалау тәжірибесімен бөлісіп, заманауи білім беру тәсілдерін енгізу, оқу үдерісін жетілдіру және бірлескен академиялық жобаларды жүзеге асыру бағыттарын талқылады. Шетелдік сарапшылар халықаралық тәжірибелерін ұсынып, жоғары білім берудегі қазіргі үрдістер мен инновациялық оқыту әдістерін атап өтті. Қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін білдірді.
Без рубрики