2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап 16 қаңтарына дейін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің Кәсіби даму орталығы 2025-2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша білім алушылар арасында дәстүрлі «Таза сессия» онлайн-сауалнамасын жүргізді. Сауалнамаға барлық дайындық деңгейіндегі – бакалавриат, магистратура және докторантура – 4719 студент қатысты, бұл жалпы білім алушылардың 52,5% құрайды және белгіленген жоспарлы көрсеткіштен асып түсті.
Сауалнама нәтижелері білім беру процесінің сапасына қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетеді. Респонденттердің 86%-ы оны «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағалады. Сонымен қатар, студенттердің 76%-ы өздерінің оқу үлгерімін «өте жақсы» немесе «жақсы» деп сипаттады, бұл тұрақты академиялық нәтижелерді көрсетеді.
Емтихан сессиясын бағалау және ұйымдастыру рәсімдеріне деген сенім деңгейі жоғары болып қала береді:
— білім алушылардың 92% бағалауды объективті деп санайды.
Студенттердің көпшілігі (85%) академиялық қарыздардың жоқтығын көрсетті. Қиындықтардың себептерінің ішінде студенттер көбінесе жекелеген негізгі пәндердің күрделілігін, оқу жүктемесінің көптігін және өздік ұйымдастыру дағдыларын дамыту қажеттілігін атайды.
Респонденттер СОӨЖ тиімділігін қосымша консультациялық қолдаудың бір түрі ретінде оң бағалады.
Жалпы алғанда, нәтижелер емтихан сессиясын ұйымдастырудың тұрақтылығын, академиялық адалдықтың жоғары деңгейін және университеттің бағалау жүйесіне деген сенімді растайды. Сауалнама қорытындылары білім беру сапасын одан әрі жетілдіру, оқытудың практикалық бағытын күшейту және академиялық тәуекелдердің алдын алу үшін пайдаланылатын болады.