Қытай Халық Республикасының ядролық энергетика және ядролық технологиялар саласындағы халықаралық стипендиялық бағдарламаларына өтінім қабылдау ашық. Бағдарламалар Қытайдың Білім министрлігі, Қытайдың Атом энергиясы басқармасы және елдің жетекші университеттерінің қолдауымен жүзеге асырылады және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.
Atomic Energy Scholarship (AES)
Бағдарламаның екінші кезеңі (2023–2027 жылдар) аясында оқу Қытайдың 13 жетекші университетінде жүргізіледі, жыл сайын 100-ге дейін толық стипендия бөлінеді.
Оқу келесі деңгейлер бойынша жүзеге асырылады:
- магистратура — оқу мерзімі 3 жыл
- докторантура (PhD) — оқу мерзімі 4 жыл
Өтінімдерді сайт арқылы 31 мамырға дейін тапсыру қажет.
Бағдарламалар келесі бағыттарды қамтиды:
- ядролық энергетика және инженерия
- атом электр станцияларын пайдалану
- ядролық қауіпсіздік және модельдеу
- ядролық реакторлар физикасы
- радиациялық бақылау және қорғаныс технологиялары
- ядролық отын циклі және ядролық технологиялардың басқа да салалары
Стипендия мыналарды қамтиды:
- толық оқу ақысы
- университет жатақханасында тұру немесе тұрғын үйге арналған өтемақы
- ай сайынғы стипендия (магистранттар үшін — 3000 юань, докторанттар үшін — 3500 юань)
- медициналық сақтандыру (жылына бір адамға 800 юань).
Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Қатысу үшін ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат қажет (TOEFL ≥ 90 or IELTS ≥ 6.0). Сонымен қатар, университеттер студенттердің Қытайдағы өмірі мен оқуына бейімделуіне көмектесу үшін қытай тілі мен мәдениеті бойынша тегін курстар ұсынады.
Сайт: http://studyinchina.csc.edu.cn
Байланыс тұлғасы: Wei Fuqi
Телефон: +86-10-68146799
Электрондық пошта: weifuqi@cnos.cn
TUNEM халықаралық магистратура бағдарламасы (Tsinghua University)
Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Цинхуа университеті жүзеге асыратын TUNEM (Tsinghua University International Master’s Program in Nuclear Engineering and Management) халықаралық магистратура бағдарламасына қабылдау басталды.
Бағдарламаның негізгі параметрлері:
- оқу мерзімі — 2 жыл
- жыл сайын шамамен 30 стипендия бөлінеді
- оқу ағылшын тілінде жүргізіледі
- қойылатын талаптар: аккредиттелген колледж немесе университеттен алынған бакалавр дәрежесі (ядролық инженерия, менеджмент немесе басқа да ұқсас мамандықтар бойынша);
- ядролық инженерия саласында жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып саналады;
- CNNC (China National Nuclear Corporation) ұйымынан ұсынысы бар үміткерлерге басымдық беріледі;
- ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат.
Стипендия мыналарды қамтиды:
- оқу ақысын толық төлеу
- университет жатақханасында тұру (онлайн өтінім арқылы)
- ай сайын 3000 юань мөлшеріндегі стипендия
- медициналық сақтандыру
- TUNEM бағдарламасына жеке өтінім берушілер 800 юань көлеміндегі тіркеу жарнасынан босатылады.
Оқу барысында студенттер зерттеу жобаларын орындайды және университет оқытушылары мен Қытайдың жетекші атом корпорацияларының мамандарының жетекшілігімен тәжірибелік дайындықтан өтеді.
Өтінім беру сайты:
https://yzbm.tsinghua.edu.cn/intlLogin
Байланыс тұлғасы (CNNC): Wei Fuqi
Телефон: +86-10-68146799
Электрондық пошта: weifuqi@cnos.cn