2025 жылғы 15 – желтоқсан күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінде КОПЖТ–9/25-1 тобымен физика пәнінен ашық сабақ өткізілді.


«Ішкі энергия. Жұмыс. Жылу мөлшері» тақырыбында өткен сабақ барысында теория мен практиканы ұштастыра отырып, студенттердің зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

 

Ашық сабақтын мақсаты – Ішкі энергияның физикалық мағынасын түсіндіру; жүйеге берілетін жылу мөлшері мен жұмыстың рөлін анықтау; Q, A, ΔU шамалары арасындағы байланыстарды қолдану.

 

Сабақта қолданылған әдістер мен технологиялар:

learningapps.org платформасы арқылы интерактивті тапсырмалар

Видео арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру

Зертханалық жұмыс (калориметр, термометр, әр түрлі пробиркалар, ыстық су, суық сумен жұмыс)

 

QR код белгісімен Google Forms арқылы тест және рефлексия өткізілді

Топтық және жеке жұмыстар ұйымдастырылды.

 

Жылдамдыққа есептер мен формулаларды қортып шығару жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Нәтиже: Студенттер ішкі энергияның өзгеру жолдарын, жылу мөлшері мен жұмыстың физикалық мағынасын түсініп, формулаларды есеп шығаруда қолдана алды. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы артты.

 

Ашық сабақ заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану арқылы нәтижелі өтті.

Ашық сабақты өткізген физика пәнінің оқытушысы: Туребаева К.Х

Без рубрики