📍Іс-шара жасөспірімдер мен жастарды есірткі таратушылардың заңсыз схемаларына тарту мәселесіне арналды.
🎭 Рөлдік ойын форматында студенттер алаяқтардың «сенімді» уәделеріне қалай оңай алданып қалуға болатынын көрді. Біреулері «жоқ» десе, кейбірі күмәнданды, ал енді біреулері жеңіл ақшаға сенді. Бұл манипуляциялық ықпалдың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті.
⚖️ ҚР ҚК-нің 297-бабы, есірткіні сақтау мен таратқаны үшін жауапкершілік белгіленетіндігі туралы және есірткінің кесірінен тағдырлары ойрандалған нақты оқиғалар талқыланды.
💡 Негізгі ескертулер:
🔹 «Өзгенің өтінішіне қол қою – өзіңді қауіп-қатерге душар ету»;
🔹 «Жеңіл ақша адал болмайды, адал ақша жеңіл болмайды»;
🔹 «Жеңіл пайдаға ұмтылған өзі олжаның құрбанына айналады».
❌ Жауапкершілік 16 жастан басталады (аса ауыр қылмыстар үшін – 14 жастан).
Топ: КТМ-9/24-2
Куратор: Жексембеков Е.Т.
Қамтылуы: 27 адам


