2025 жылғы 6 қазанда Қарағанды қаласының Экологиялық музейінде «Білім беру және климаттың өзгеруіне бейімделу» халықаралық бағдарламасының офлайн-сессиясы өтті. Іс-шараны Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Тұрақты даму орталығы мен Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ) бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл іс-шара IKI «Климатты қорғау стратегиялары бойынша саясат және білім алмасу диалогы» (DIAPOL-CE) жаһандық жобасы аясында өткізілді. Жобаның мақсаты – тұрақты және климаттық тұрғыдан қауіпсіз экономиканы қалыптастыруға бағытталған жүйелі тәсілдерді дамыту.
Қарағандыдағы сессия барысында Қазақстандын Орталық аймағының ерекшеліктеріне баса назар аударылып, қалалық жоспарлау, құрылыс және өнеркәсіп салаларында климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері талқыланды.
Біздің университетті сессияда келесі өкілдер таныстырды:
Тұрақты даму орталығының қызметкерлері О.А. Шебалина мен А.Р. Апакашева;
«Архитектура және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Б.Б. Ахметов;
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасының оқытушылары Н.К. Цой және Е.А. Цешковская.
Кездесу қатысушылары университеттің ғылыми зерттеулерін аймақтық өнеркәсіптің қажеттіліктеріне бағыттау, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыру, биосаналуандылығын сақтау және баламалы энергия көздерін дамыту бойынша жоба идеяларын ұсынды.
Ұсынылған бастамалар тұрақты даму қағидаттарын қолданбалы ғылымға, сәулеттік жобалауға, экологиялық инженерияға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына интеграциялау ұмтылысын көрсетеді.Сессияның модераторы және фасилитаторы Н. Бачинская, тұрақты даму жөніндегі кеңесші болды. Бағдарламада TCFD әдіснамасы негізіндегі климаттық тәуекелдерді бағалау бойынша интерактивті ойын ұйымдастырылып, қатысушылар өз салаларының осал тұстарын анықтап, бейімделу шараларын ұсынды.
Аталған бағдарлама шеңберінде Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында өткізілетін сессиялар университеттер, кәсіпорындар және мемлекеттік органдар арасында тәжірибе алмасу мен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бағдарлама нәтижесінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыруға ықпал ететін алты пилоттық жоба әзірлеу жоспарлануда.
Телеграм арнасы: «Климаттың өзгеруіне бейімделу және білім беру» — https://t.me/enu_giz_adaptation