«Өмір бойы оқыту — қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер»


Осы атаумен біліктілікті арттыру институты «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мамандары үшін курстар өткізді. Тақырыптың атауының өзі білімін үнемі жетілдіруге бағытталған. Жаңа білім алу, оларды уақыт талабына сай қолдана білу көптеген қосымша мүмкіндіктер ашады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі бола отырып, үздіксіз білім беруге үлкен көңіл бөледі.  Еліміздің көптеген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен тығыз іскерлік байланыс орната отырып, ол мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Үнемі дамып келе жатқан өнеркәсіп саласындағы мамандардың білімін өзектендіру — саланы дұрыс дамытудың негізгі қадамы.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Үздіксіз білім беру институты өткізген кезекті курс «Қазақмыс» корпорациясының мамандарына арналды. Ол осы жазда, 24 шілдеден 28 тамызға дейін өткізілді.

«Қазақмыс» корпорациясы – Қазақстандағы және бүкіл ТМД аумағындағы ірі тау-кен металлургиялық компаниялардың бірі. Компанияның негізгі қызметі -түсті металдарды, әсіресе мысты өндіру, өңдеу және сату.

Үздіксіз білім беру институты Сәтбаев және Жезқазған өңірлеріндегі кеніштерде мамандардың біліктілігін арттыру үшін арнайы оқу курстарын сәтті ұйымдастырып өткізді.

Оқыту барысында басқарма қызметкерлері мен жұмысшы мамандар жарылыс қаупі бар аймақтарда қолданылатын электр жабдықтары мен желілерін қауіпсіз пайдалану, монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша кәсіби білімдерін жетілдірді.

Курсты өткізуге университеттің аға оқытушылары Г. Байдүйсенов, О. Махамбетов қатысты. Біліктілікті арттыру курстарымен 178 маман қамтылды.

 

Без рубрики