Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ – облыс және республика талапкерлері арасында бұрыннан танымал жоғары оқу орны. Кеңес заманынан бері кадрлар ұстаханасы ретінде танылған университеттің даңқы түлектері туралы ауыздан-ауызға тараған әңгімелермен одан әрі арта түсуде.
Соңғы жылдары университетке шетелдік талапкерлердің де қызығушылығы едәуір артты. Биыл, мысалы, Өзбекстан мен Әзербайжаннан шыққан жастар ҚарТУ-дың студенті болуға ниет білдірді. Жақында Ресей Федерациясынан келген талапкер София Саватеева қабылдау комиссиясына өтініш тапсырып, оқуға ниет білдірді.
Ресей астанасында дүниеге келген София үшін таңдауға түрлі ЖОО-лар жетіспейді. Дегенмен, ол туыстарымен кеңесе отырып, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да оқуды жөн көрді. Бұл шешімге оның жақын досы Валерия Миллердің ықпалы зор болды. Валерия Мәскеудегі университеттің бірінші курсынан кейін оны тастап, туған жері Қарағандыда оқуды жалғастыруды таңдаған.
София бұл шешімді қалай қабылдады? Көпшілікті таңғалдырған бұл қадам алдында ол ҚарТУ туралы барлық қолжетімді ақпаратты мұқият зерттеді. Университет туралы да, Қарағанды қаласы туралы да досының әңгімелері оны толық қанағаттандырды.
Софияның алғашқы әсерлері – қабылдау комиссиясының жұмысы, университет кампусының көркемдігі, қазақстандықтардың қонақжайлығы – оның дұрыс таңдау жасағанына деген сенімін нығайтты.
Ең бастысы – ол бала кезінен армандаған геология, барлау және іздеу салалары бойынша мамандықты дәл осы университеттен тапты. ҚарТУ-да профессорлық-оқытушылар құрамының кәсібилігі жоғары деңгейде екенін ол интернеттегі деректер мен таныстары арқылы білген. Сонымен қатар, түлектердің ірі халықаралық компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігі – София үшін маңызды фактор болды.
Университеттің стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі Тимур Қанапьянов атап өткендей, Софияны біздің ЖОО-ны таңдаған шешімімен алғашқылардың бірі болып құттықтадық. ҚарТУ-да біз әрбір студент өз ұлтына, азаматтығына қарамастан өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінетін инклюзивті орта құруға тырысамыз.
София жаңа ортамен тез тіл табысып, өз мамандығы бойынша қабілетін танытып үлгерді.
Айтпақшы, оның бірінші курс студенттеріне арналған 500 ноутбуктың біреуін алу мүмкіндігіде бар.
Біз Софияны университетіміздің студенті атануымен құттықтаймыз және таңдаған мамандығында үлкен жетістіктерге жетуіңе шын жүректен тілектеспіз!