5 мамырда Сәкен Сейфулин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры «STU Sultany men Suluy – 2025» байқауының финалистері үшін өз сахнасын ұсынды. Оны Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жас Орда» жастар қауымдастығы ұйымдастырды.
Байқау финалына ең талантты және креативті, әртістік және кербез қатысушылар шықты. Олардың қойылымдары ұмытылмас көріністі уәде етті.
Финалистердің артында сынақтарға толы жол жатыр. Алдымен қатаң кастинг болды, содан кейін бір ай бойы күнделікті дайындықтар, қызықты тренингтер мен жарқын фотосессиялар жасалып, финалға қарқынды дайындық жүргізілді. Енді міне — керемет байқаудың көптен күткен финалы. Жеті әдемі жұп қиын да қызықты жарыста біріншілік үшін таласқа түспек.
Жүргізушілер байқаудың кезеңдерімен таныстырады. Оларға интеллектуалды байқау, қатысушылардың этномодерн стиліндегі дефиленің толық бейнесін дайындауы және финалистердің жеке басын сипаттайтын өзін және өз киімдерін таныстыруы; байқауға қатысушылардың талантын ашатын шығармашылық нөмірлерді – би, ән, поэзия оқу және прозалық шығармалардан, театрлық миниатюралардан үзінділер орындау кіреді. Сонымен қатар олар басты рөлдерде емес, қосалқы рольдерде әрекет ететін туыстары мен достарын тарта алады.
Ал финалистердің өнерін бағалау үшін шығармашылық саладағы таланттар шоқжұлдызы: жүргізуші, хореограф, шоумен Темірлан Серіков, «Спикер» сөйлеу имиджі мектебінің негізін қалаушы және жаттықтырушысы Ажар Садбаева, «Айдана» сұлулық салонының негізін қалаушы Айдана Полатова, музыкант, дыбыс режиссері, жүргізуші, кәсіпкер Абдуов Байғозы, MISS Karaganda 2022 Мадина Макишева шақырылды.
Конкурсқа қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Тимур Ерболатұлы Канапиянов студенттердің өміріндегі осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, студенттік жылдар әркімнің өміріндегі ең керемет естеліктердің бірі ретінде есте қалуын тіледі. Финалистерге шын жүректен сәттілік тіледі.
Байқаудың құрметті қонақтарының қатарында ЖОО басшылығы; Қарағанды қаласының ресурстық орталығының директоры Якуб Джамалов; демеуші кәсіпорындардың өкілдері бар, оларсыз іс-шара осыншама жарқын және әсем өтуі екіталай еді: Premium Lenta, BEK BARBERIA, Luxe Dresses KRG, AsylFood, Annails_09krg, Шоқжұлдыз, Zhanel.hair, Lotus Thai Spa, Krasota.krg, Aidana Beauty.
Байқау кезеңдері арасында зал толы көрермендерді Ирина Ваземнің жетекшілігімен «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамблінің; Адай мен Сардар дуэттерінің; «Алаш Аманаты» вокалдық-аспаптық композициясы бар Инновациялық технологиялар колледжінің; Әділ Нұралы мен Нұрланды Құралбековтың дуэті және басқалардың өнерлері қуантады.
Сонымен қатар қазылар алқасы байқауға қатысушыларды мұқият бақылайды. Оның мүшелеріне жаның ашиды. Жұптардың біреуіне нақты артықшылық беру өте қиын. Интеллектуалды конкурсты немесе дефилені алып қарасаңыз — барлық жұптар ысылмаған көрермендердің көзқарасы бойынша тамаша. Бірақ қазылар алқасының орны бөлек, оның өзіндік кәсіби критерийлері бар. Осыған сәйкес, ол ең үздіктерді атайды.
- STU Suluy — Айкүнім Бақтыбай (СҚФ, АРХ-24-2), STU Sultany — Алан Рыбалкин (ЭАТФ, ЭЭ-22-5);
- 2-орын — Мерей Акашева (ИЭМФ, Э-24-2С) және Бейбіт Қонысбай (ИТФ, СИБ-23-3);
- 3-орын — Аяжан Ермекова (СҚФ, АРХ-23-1) және Даниил Марков (ИТФ, СИБ-24-3).
Номинациялар бойынша:
- Көрермен көзайымы — Бейбіт Қонысбай және Айкүнім;
- Саналы сұлу — Ботагөз Изатуллаева (СҚФ, АРХ-20-1);
- Кербез сұлу — Ева Жуковская (СҚФ, АРХ-24-5);
- Өнерлі сұлу — Аяжан Ермекова (СҚФ, АРХ-23-1);
- Қылықты сұлу — Мадина Қуандыққызы (ЖКФ, ТТ-22-1);
- Көрікті сұлу — Мерей Акашева (ИЭМФ, Э-24-2С);
- Мейірімді сұлу — Аружан Майдина (ЭАТФ, ЭЭ-22-4);
- Өнерлі сұлтан — Алан Рыбалкин (ЭАТФ, ЭЭ-22-5);
- Келбетті сұлтан — Нурислам Сайлауов (ИТК, Клог 9/24-1);
- Мейірімді сұлтан — Эрик Типаев (ИТФ, ВТ-24-2);
- Байсалды сұлтан — Бақдәулет Ескермес (ИТФ, СИБ-24-2);
- Қайсар сұлтан — Даниил Марков (ИТФ, СИБ -24-3);
- Дарынды сұлтан — Амир Урстенов (ТКФ, ЦАФ-24-2).
Құттықтаймыз! Барлығына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз және кездескенше күн жақсы болсын!