«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ-да 6D073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Таудаева Айнур Амангалиевнаның «Батыс Қазақстанның кремнилі тау жынысы – опока негізіндегі қабырға керамикасын өндіру технологиясы және физикалық-механикалық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Ибраимбаева Гульназ Баккыдыровна — техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС «Материалдар технологиясы және құрылыстағы менеджмент» кафедрасының меңгерушісі.
- Жугинисов Маратбек Турабайулы — техника ғылымдарының докторы, «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының профессоры «Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ (Satbayev University).
Ғылыми кеңесшілер:
- Монтаев Сарсенбек Алиакбарұлы — техника ғылымдарының докторы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ индустриялық – технологиялық институтының профессоры.
- Жигулина Анна Юрьевна — техника ғылымдарының кандидаты, «Самара мемлекеттік техникалық университеті» ЖОО ФМБ «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» кафедрасының доценті.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Киргизбаев Акпан Турабаевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы.
- Рязанов Александр Николаевич — техника ғылымдарының кандидаты, PhD, «Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті» ЖОО ФМБ, «Құрылыс конструкциялары» кафедрасының профессоры.
- Кудрышова Баян Чакеновна – «Торайғыров университеті» КеАҚ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» ББ және «Көлік құрылысы» ББ бөлімшесінің техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры (доценті).
Қорғау 2025 жылғы 13 маусым күні сағат 14.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ 8D07302 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1 корпус, 521 аудитория.
Конференцияға сілтеме:
https://us05web.zoom.us/j/4240236743?pwd=N1cvaFpUaEhNRG9PU091ajlGUnZJZz09
Конференция идентификаторы: 424 023 67 43
Кіру коды: 1953
e-mail: g.rakhimova@ktu.edu.kz