14 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасында 6В051 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» («Биотехнология» ББ) даярлау бағыты бойынша XVII республикалық пәндік студенттік олимпиаданың I кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға 3-курс студенттері қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 4 жүлделі орын иеленді:
- 1 орын – Екатерина Топоркина (100 балл);
- 2 орын – Валерия Шпринк (98 балл);
- 2 орын – Владислав Вилип (98 балл),
- 3 орын – Амина Искакова (90 балл).
Алматыда өткен 6В05101 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы студенттерінің XVII республикалық пәндік олимпиадасының II-ші кезеңіне қатысу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Екатерина Топоркина, Валерия Шпринк және Владислав Вилиптен құралған студенттер тобы жіберілді.
21 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6В051 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» даярлау бағыты бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Командалар теориялық білім мен практикалық дағдылар, ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді талдау қабілеті бойынша жарысты.
Біздің студенттер олимпиаданың II кезеңінде де өздерін жақсы жағынан көрсете білді және 3-ші орынды иеленді. Команда жетекшісі б.ғ.к., «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті Светлана Дербуш болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері біздің студенттердің жоғары дайындық деңгейін атап өтті. Бұл «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының кәсібилігін тағы да дәлелдейді.
Кафедра жүлдегерлері мен оқытушыларын жетістіктерімен құттықтаймыз!