Білім алушыларды, оқытушылар мен қызметкерлерді стартаптар конкурсына қатысуға және өз идеяларын іске асыруға қаржылай қолдау алуға шақырамыз!
Гранттардың мөлшері:
- 10 000 000 теңгеге дейін – ғылымды қажетсінетін стартаптар үшін (инновация деңгейі жоғары ғылыми әзірлемелер мен технологияларға негізделген жобалар);
- 5 000 000 теңгеге дейін – кәсіпкерлік стартаптар үшін (тауарларды немесе қызметтерді коммерциялық сатуға бағытталған бизнес-бастамалар).
Конкурс талаптарымен қоса берілген презентация арқылы танысуға болады.
Өтініштер 2025 жылдың 12 мамырына дейін қабылданады.
Қосымша ақпаратты Коммерцияландыру кеңсесінен алуға болады (Бас ғимарат, 209 кабинет).
Saginov Technical University бірге өз жобаңызды жүзеге асыру және оны дамыту үшін қолдау алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!