2017-2020 жылдарға арналған ҚарМТУда үштілдік білім беру Концепциясын іске асыру барысында өткізілген тілдік олимпиада туралы


Ағылшын және неміс тілдерін оқыту деңгейін арттыру, студенттер арасында оқылып отырған шетел тілдерінің артықшылығын көрсету, оқып отырған тілге деген қызығушылығын ояту үшін және мәдени аралық коммуникацияны дамыту мақсатында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің шетел тілдері кафедрасында 2018 жылдың 12-16 ақпаны аралығында ҚарМТУдың 65 жылдық мерейтойына орай 2017-2020 жылдарға арналған ҚарМТУда үштілдік білім беру Концепциясын іске асыру мақсатында тілдік олимпиада өткізілді.

Оқыту процесіне мектептен бастап университетте үштілдік білім беруді  деңгейлеп оқытуды енгізу дегеніміз болашақ мамандардың бәсекелікке қарсы тұра алатындай тұлға тәрбиелеуге  және бірнеше тілді меңгерген білімді де терең ойлы тұлғаның тәрбиеленіп, білімді маман болуына жол ашады.

Жастардың тіл білімін анықтау, олардың көшбастайтын қабілетін оятуға басты назар аударылды. Осы мақсатта «Technology, Entertainment, Design»(Технологиялар, уақыт өткізу, дизайн) TED – жобалар қорғау  талаптары ұсынылды.

Олимпиада  3 турдан тұрды:

Олимпиаданың I турында  тапсырма аудирование мен оқудан тұрды. Тапсырманың орындалуына 90 минут уақыт бөлінді. Тапсырмалар IELTS талаптарына орай құрастырылды.

Келесі айналымға өту үшін қатысушылар  45 баллдан жоғары ұпай жинауы керек. 1 турға қатысқан 106 студенттің 2 турға 18-і өтті.

Олимпиаданың II турында студенттер өз ой- пікірлерін ашық білдіретін эссе жазу ұсынылды (Iagree/disagreecompletely/partly). Келесі айналымға өту үшін студенттердің шығармашылық деңгейі, ой – пікірінің ашықтығы, мазмұндау тақырыбының тереңдігі, грамматикалық қателердің жіберілмеуі ескерілді.

Олимпиаданың III турына білімі терең 10 студент іріктеліп алынды. Бұл студенттердің шетел тілінен білімі терең, ойлау қабілеттері кең.Бұл тур  TED Talks негізінде жүзеге асырылды. 5 минут ішінде өз жобаларын қорғаған студенттер слайдтарына ауызша түсініктеме берді.

Әділ қазылар алқасына мына оқытушылар кірді:

  1. Джантасова Д.Д. – п.ғ.к., доцент, шетел тілдері кафедрасы меңгерушісің м.а.
  2. Бенджамин Тейлор – АҚШтан келген оқыту гуманитарлық білімдер магистры
  3. Бейсханова С.А. – шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы
  4. Лазаренко И.А. – шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы
  5. Тентекбаева Ж.М. — шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы

Олимпиада қорытындысы бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды және дипломдармен марапатталды:

I орын- Мадияр Аида, Арх-17-2 тобы , аға оқытушы  Свич. Н.А.

II орын – Корсакин Георгий, ВТ-16-2 тобы , аға оқытушы Свич Н.А.

III орын – Матаева Лейла, ИС-17-2 тобы, оқытушы Омарова Ж.И.

Номинация “ Good structure”, Кудайберген Даурен, ИНФ-17-2 тобы, оқытушы Сагадиева К.К.

Номинация “ Natural Speech”, Уакасов Темирлан, Э-17-2 тобы, оқытушы Омарова Ж.И.

Номинация “ Clear Speech”, Смаилова Дамира, АиУ-17-2 тобы, аға оқытушы Бейсханова С.А.

III турда  жеңіске жеткен студенттер белсенділіктері мен терең білімдері үшін мақтау қағаздарын иеленді және құнды да бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Без рубрики