Бүгінгі дене тәрбиесінің кафедрасы
Спорттық-сауықтыру және Спорттық-бұқаралық жұмыс кафедраның студенттермен де, ПОҚ-мен де, университет қызметкерлерімен де жұмысының маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады.
Спорттық-сауықтыру жұмыстарының тиімділігін қаланың ең үздік базаларының бірі, сондай-ақ, кафедраның білікті жаттықтырушы-оқытушылары қамтамасыз етеді. Жаттықтырушылық жұмысты: аға оқытушы Гришин Н.Г. — гандбол, оқытушы С.Б. Құжахметов. — пауэрлифтинг, аға оқытушы Окасов Е.А. — футбол, оқытушы Елеукешев О.Н. — волейбол (ер), аға оқытушы Р.М. Сәденов. — волейбол (әйелдер), аға оқытушы Сейсенова А.С. – баскетбол (әйелдер), аға оқытушы Черясова О.Ю. — жеңіл атлетика.
Университетте 27 спорт секциясы және оқытушылар мен қызметкерлердің 5 ЖДД тобы жұмыс істейді. Жалпы саны 600-ге жуық адам. Университет құрама командаларының мүшелері қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда табысты өнер көрсетуде. Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне ЖОО-ның 2-ші және 3-ші спартакиадаларында құрама командалар үздік өнер көрсетіп, 1-ші жалпы командалық орынға ие болды.
Дәстүр бойынша университетте үш Спартакиада өткізіледі: 7 спорт түрі бойынша «бірінші курс студенті», 14 спорт түрі бойынша факультетаралық спартакиада, 6 спорт түрі бойынша университет ректорының Кубогына «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы.