Бұл күн – ерлік пен елдік рухтың, қайсарлық пен батырлықтың айқын көрінісі. Жеңіс жолында тер төгіп, от пен оқтың ортасында Отан үшін аянбай күрескен әрбір жауынгердің ерлігі – ел жадында мәңгі сақталатын асыл мұра.
Бүгінгі бейбіт өмір – сол бір сұрапыл жылдарда ел болашағы үшін жанын қиған батырлардың ерлігі мен еңбегінің нәтижесі. Ардагерлеріміздің өнегелі өмір жолы – жас ұрпақ үшін тағылым мен тәрбие мектебі, мәңгілік құрметке лайық.
Университет ұжымы баршаңызға бейбіт аспан, зор денсаулық, амандық және еңбекте толағай табыс тілейді. Елімізде әрдайым тыныштық пен тұрақтылық орнап, береке-бірлік нығая берсін!