6 ҚЫРКҮЙЕК — МҰНАЙШЫЛАР КҮНІ!


БҮГІН — МҰНАЙШЫЛАР КҮНІ!

Құрметті мұнай-газ саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ел экономикасының тұрақты дамуы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұнай-газ саласының алар орны ерекше. Бұл маңызды саланың жетістіктері — білімі терең, тәжірибесі мол, кәсіби шеберлігі жоғары мамандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мұнай-газ саласына білікті мамандар даярлап, өндіріс пен білімді ұштастырып келеді. Бүгінде университет қабырғасынан түлеп ұшқан түлектеріміз еліміздің түрлі өндірістік кәсіпорындарында табысты еңбек етіп келеді.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс және кәсіби биіктер тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Без рубрики