- ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Жатақханаларына орналастыру бойынша ақпарат
- УНИВЕРСИТЕТТІҢ РЕКВИЗИТЕРІ
- Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары
- Жатақханадан орын беру туралы комиссияның шешімі (студенттер тізімі)
- Жатақханаларда тұру ақысын төлеу үшін банк деректемелері
«Армандастар Ордасы»
жатақханасы туралы ақпарат
Заңды мекенжайы: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2.
Ғимарат сипаттамасы: Жалпы ауданы 16 600 шаршы метр тоғыз қабатты ғимарат.
Құрылу тарихы: «Армандастар Ордасы» тұрғын үй кешенінің жатақханасы Президенттің «Студенттік тұрғын үй» бағдарламасы бойынша салынған, ашылуы 2015 жылдың жазында өтті. Жатақхана 822 орынға есептелген.
Орналасуы: Студенттер секциялар бойынша бөлмелерде тұрады. Әр секцияда екі бөлме бар: 2 және 3 орынды бөлмелер. 2 орынды бөлменің тұрғын ауданы – 14 шаршы метр, 3 орынды бөлменің тұрғын ауданы – 20 шаршы метр. Бөлмелер жайлы және заманауи жиһаздармен жабдықталған.
Қабаттар бойынша бөлмелер саны:
- 3, 4 және 5 қабаттарда әр қабатта 42 бөлмеден (16 екі орынды, 26 үш орынды бөлмелер), себебі екі қанаты галерея арқылы қосылған.
- 6 және 7 қабаттарда әр қабатта 36 бөлмеден (12 екі орынды, 24 үш орынды бөлмелер).
- 8 және 9 қабаттарда әр қабатта 38 бөлмеден (12 екі орынды, 26 үш орынды бөлмелер).
Орналасқан жері: Жатақхана қала орталығында, университет қалашығының аумағында орналасқан.
Студенттерге арналған жағдайлар: Студенттер үшін жайлы тұруға барлық жағдай жасалған (кір жуатын орындар, сақтау камералары, тұрмыстық бөлмелер, үтіктеу бөлмелері, заманауи санитарлық тораптар).
«Армандастар Ордасы» ТК жатақханасының қасбеті
Жатақхана холлы
Лифт
Жатақхананың бірінші қабатында 67,8 шаршы метр аумақты құрайтын конференц-зал орналасқан. Мұнда студенттер үшін үнемі семинарлар мен тақырыптық кездесулер өткізіліп тұрады:
- Дін өкілдерімен: Ұлтаралық келісім, этникалық және діни толеранттылық, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша дәстүрлі дін өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.
- Құқық қорғау органдарымен: Қарағанды қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің, Қарағанды облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Орталық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жастар арасында құқық бұзушылықтар мен девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында кездесулер өткізіледі.
- Әділет және күштік құрылымдар басшыларымен: Студенттер құқықтық сауаттылығын арттыру үшін әділет және күштік құрылымдардың жетекшілерімен кездеседі.
- Факультет декандарымен және студенттік кеңес іс-шаралары: Факультет декандарымен кездесулер, сондай-ақ жатақхананың студенттік кеңесі ұйымдастырған түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Рекреациялық және оқу бөлмелері
Жатақхананың әр қабатында әрқайсысы 20,0 шаршы метр болатын 2-3 рекреациялық аймақ бар. Бұл аймақтар тиісті жиһаздармен және заманауи теледидарлармен жабдықталған, бұл студенттерге демалуға және бос уақытын өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 3, 4 және 5 қабаттарда әрқайсысы 20 шаршы метр болатын оқу бөлмелері орналасқан, мұнда студенттер сабаққа дайындала алады.
Мультимедиялық кабинет және интернет
22 шаршы метр аумағы бар мультимедиялық кабинетте студенттер сабаққа дайындала алады. Әр студентке интернетке шығу үшін жеке логин мен пароль беріледі, ал трафик ай сайын толықтырылып отырады. Жатақханада сондай-ақ сымсыз интернет (Wi-Fi) қолжетімді.
Мультимедия кабинеті
2 орындық бөлме
3 орындық бөлме
Жуынатын бөлмелер мен дәретханалар әрқайсысының ауданы 4,52 шаршы метр жуыну бөлмелерімен біріктірілген секцияларда орналасқан. Сонымен қатар, Қабаттардың ортасында әрқайсысының ауданы 4,9 шаршы метр болатын 2 жуынатын бөлме мен дәретхана бар. 3, 4 және 5 қабаттарда әр қабатта 22 жуынатын бөлме бар; 6, 7, 8 және 9 қабаттарда – 20 жуыну бөлмесі бар.
Санитарлық торап
Жатақхананың әр қабатында 45 шаршы метрлік тамақ дайындауға арналған 4 қосалқы бөлме бар. Әрбір қосалқы бөлме (асхана) 3 ас үй шкафымен, 3 тоңазытқышпен және 3 электр плитасымен жабдықталған.
Ас бөлмесі
Бірінші қабатта қойма бөлмелері бар.
Зат сақтау бөлмесі
Жатақханада 15 автоматты кір жуғыш машинамен және 9 заманауи үтіктеу машинасымен жабдықталған 43,1 шаршы метр кір жуатын бөлме бар. Төсек-жабдықтар апта сайын жуылады.
Кір жуу бөлмесі
«Студенттер үйі» жатақханасы
Заңды мекенжайы: Қарағанды қаласы,Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/6.
Жалпы ауданы: 3 124,0 ш.м.
Қабаттар саны: 5.
Бөлмелер саны: 2 қабат – 35, 3 қабат – 36, 4 қабат – 36.
Барлық нөмірлер – 116.
2 орындық бөлме
4 орындық бөлме
Жатақханада 5 қосалқы бөлме бар, олардың әрқайсысында 3 тоңазытқыш, 3 электр плитасы, 2 қолжуғыш, 3 сорғыш, 1,80 литрлік қазан, 3 үстел бар.
Жатақханада барлығы 11 тоңазытқыш, 11 электр плитасы, 10 сорғыш, 10 раковина, 11 үстел бар.
Әр қабатта жуынатын бөлмелер бар. Барлығы 30 қолжуғыш, 29 дәретхана, 7 айна.
Ас бөлмесі
Жуыну бөлмесі
Бірінші қабатта орналасқан:
— Ерлер мен әйелдерге арналған душ бөлмелері (әрқайсысы 4 адамға есептелген), ішінде 200 литрлік титан, 4 араластырғыш (смеситель), киімге арналған 2 темір ілгіш бар.
— 4 кір жуғыш машинасы, үстел және орындық (банкетка) бар кір жуу бөлмесі.
— Киім кептіру және үтіктеу бөлмесі: 3 темір кептіргіш, 4 үтіктеу тақтасы, үтіктер, кірге арналған үстел және банкеткалармен жабдықталған.
— Проекциялық экраны, бейнепроектор, үстелдер, орындықтар және банкеткасы бар акт залы.
Акт залы
1-қабаттың оң жақ қанатында 2 компьютерлік сынып (16 компьютер) орналасқан;
сонымен қатар, 2 демалыс бөлмесі бар, олардың әрқайсысында 2 теледидар, «OTAU TV» приставкалары, 2 конференц-үстел, жұмсақ орындықтар, 2 жиынтық жұмсақ диван, 2 журнал үстелі, фортепиано және суреттер қойылған.
Компьютерлік класс
Демалыс бөлмесі
№3 Жатақхана
Заңды мекенжайы: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 60.
Жалпы ауданы: 3725,9 шаршы метр.
Жатақхана 4 қабаттан тұрады: 1-қабатта – 7 бөлме, ал 2-ден 4-қабатқа дейін – әр қабатта 30 бөлмеден.
1-қабатта әкімшілік, вахта және 2 сақтау камерасы (жүк сақтау бөлмесі) орналасқан.
Жатақхананың бірінші қабатында жалпы ауданы 6,2 шаршы метр болатын кір жуу бөлмесі бар, онда 3 автомат кір жуғыш машина орнатылған.
Әр қабаттағы 3 кептіру бөлмесінің (әрқайсысының ауданы 12,6 ш.м.) әрқайсысында студенттердің киімдері мен төсек-жаймаларын үтіктеуге арналған үстел бар.
Бірінші қабатта әйелдер мен ерлерге арналған 2 душ бөлмесі орналасқан, әрқайсысында 2 титаннан орнатылған.
Тұрмыстық бөлмелерде әрқайсысында: 3 электр плита, 2 турайтын үстел (ас дайындауға арналған), 2 тумбалы жуғыш (раковина) бар.
Әр қабатта бір тұрмыстық бөлме және екі санитарлық торап (дәретхана) орналасқан.
Қабаттарда сондай-ақ 2 жуыну бөлмесі бар: әрқайсысында 7 жуыну үшін арналған раковина және 2 науа (поддон) орнатылған.
Электорынды оқу залы
Акт залы
Акт залында іс-шаралар өткізу мен деректі фильмдерді көрсетуге арналған бейнепроектор мен экран бар.
Демалыс бөлмесі
Демалыс бөлмелерінде теледидарлар мен үстел ойындары (тоғызқұмалақ, шахмат, нарда, дойбы) бар.
4 орындық бөлме
Ас бөлмесі
Санитарлық торап