№3 оқу корпусының (әскери кафедрасы) асханасын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы Хабарлама


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ 2025 жылғы 30 шілдеде университет қызметкерлері мен студенттерін тамақтандыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды жалға беруден кіріс алу мақсатында Қарағанды қаласы, Юбилейная көшесі, 33 үй мекенжайында орналасқан №3 оқу корпусының (әскери кафедрасы) асханасының ғимаратын (ауданы 140,5 ш.м.) мүліктік жалдауға (жалға беруге) конкурс өткізілетінін хабарлайды..

Жоғарыда аталған конкурсқа қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 30 шілдесі сағат 15:00-ге дейін, жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 56 үй, 240-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде мыналарды ұсынуы керек:

1) айына белгіленген ең төменгі тарифтік мөлшерлемеден (бағадан) төмен болмауға тиіс 1 шаршы метрдің құнына/ай сайынғы жалдау төлеміне ұсыныс көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім (өтінім нысаны қоса беріледі). Өтініш бірінші басшының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады;

2) техникалық ерекшеліктерге сәйкес конкурс шарттарына сәйкес тұрғын емес үй-жайларды пайдалану туралы ұсыныс;

3) заңды тұлғалар үшін – құрылу құжаттарының, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

4) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн – паспорттың немесе жеке куәлiктiң көшiрмесi, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7212) 56-20-62, 87004111088 телефондары арқылы  Мусина Гүлназ Нұрғалиқызына хабарласуға болады.

жалдауға (жалға алуға) берілетін мүлік(тер) туралы мәліметтер:

№ п/п Сведения
1

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ-ның №3 оқу корпусының (әскери кафедрасы) асханасы

2

Ауданы 140,5 ш.м

3

Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Юбилейная көшесі, 33 ғимараты

4

нысаналы мақсаты – қоғамдық тамақтандыру

5

жалдауға (жалға беруге)  мерзімі – 1 жыл

6

шамамен бағасы – 1 шаршы метрге 1000 теңге.

 

Жалға алушыға қойылатын талаптардың сипаттамасы
1

Тағамдардың кең ассортиментінің (санының) болуы. Потенциалды Жалға алушы міндетті түрде диеталық кешенмен, сондай-ақ вегетариандық тағамдармен қамтамасыз етуі керек. Бағалары мен салмағы (дайын тағамдардың шығымы) көрсетілген мәзірді (ұсынылатын тағамдар мен сусындар тізімі) қамтамасыз ету. Прейскурантты ұсыну.

2

Кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар қызмет көрсететін персоналдың болуы.

3

Келісім-шартқа қол қойғаннан кейін барлық қызметкерлердің денсаулығы туралы санитарлық кітапшаларын ұсынуы керек.

4

Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар (сәйкестік туралы декларациялар, ветеринариялық сертификаттар, сараптамалық қорытындылар және т.б.) болған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.

5

Жалға алынған үй-жайды дымқыл тазалау күніне кемінде екі рет жүргізіліп, қажет болған жағдайда тазалық сақталуы керек.

6

POS төлем терминалдарының, Visa, MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің міндетті болуы

7

Жалға алынған үй-жайды жобалау, қайта жабдықтау және қайта жоспарлау Жалға берушімен қатаң түрдегі келісімімен Жалға алушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Без рубрики