26 сәуір – Халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні


2022 жылдың 26 суірінде Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушылары Цешковская Е.А., Цой Н.К., және БЖД-18-1, БЖД-21-2 топтарының студенттері аймақ жастарының Чернобыль ардагерлерімен халықаралық радиациялық апаттар құрбандарын еске алу күніне арналған кездесу – конференциясына қатысты.

Кездесу Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығымен ұйымдастырылып, «Аманат» партиясының ғимаратында өткізілді.

Осы кездесу — конференцияда БЖД – 18 — 1 тобының студенті Баймұхан Ақжол (жетекшісі Цешковская Е.А.) баяндама жасады.

Кездесу-конференцияда Чернобыль апаты туралы тарихи оқиғалар еске алынып, ардагерлерге құрмет көрсетілді, студенттер заманауи экологиялық мәселелер туралы баяндамалар жасады.

Без рубрики