Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Сыбайлас жемқорлықсыз ел» тақырыбында онлайн сурет салу байқауы


25.01.2021ж. «Sanaly urpaq» клубының мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «сыбайлас жемқорлықсыз ел» атты суреттер байқауын өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және насихаттау. Студенттер осы тақырыпты ашуда үлкен белсенділік танытты. Студенттер сыбайлас жемқорлықты жою бойынша өз ойларын, өз көзқарастарын, сондай-ақ жастар мен жастар ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлін білдірді. Қатысушылардың әрқайсысының жұмысы ерекше назар аударуға лайық.  Жастардың іс-шараларға қатысуы жас тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

1 орынды ҚАУ 9/18-1 тобының студенті Нұрманов Нұрасыл иеленді

2 орынды КОРМПИ 11/20-1 тобының студенті Егінбай Ерсін иеленді

3 орынды ҚАУ 9/19-1 тобының студенті Урисбаева Коркем иеленді

 

 

Без рубрики