TechWomen 2022 бағдарламасына құжаттарды қабылдау ашық


TechWomen — бұл Африка, Орталық Азия, Оңтүстік Азия және Таяу Шығыстағы ғылым, технология және математика саласындағы (STEM пәндері) көшбасшы әйелдеріне көмектесетін және оларды қолдайтын бағдарлама. Бағдарлама мансапты жоғарылату, армандарды орындау және әйелдер мен қыздарға шабыт беру үшін қажетті мүмкіндіктерді ұсынады.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 5 мамыр

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • STEM пәндерінде (ғылым, технология, инженерлік іс, математика) кемінде 2 жыл кәсіби тәжірибесі бар әйелдер өтініш бере алады. Тағылымдамадан өту және ақы төленбейтін бағдарламаларға қатысу кәсіби жұмыс тәжірибесі болып саналмайды;
  • кем дегенде бакалавр дәрежесі/төрт жылдық университет дипломы немесе баламасы бар;
  • жазбаша және ауызекі ағылшын тілін меңгергендер;
  • өтінім берген сәтте және бағдарламаға қатысқан кезде азаматтығы бар немесе Қазақстанда тұрақты тұратын адамдар;
  • J-1 exchange visitor visa американдық визасын алуға құқығы бар;
  • ешқашан АҚШ-қа иммиграциялық виза алуға өтініш бермеген және соңғы бес жыл ішінде визалық лотереяға қатыспаған;
  • АҚШ азаматтығы жоқ және АҚШ аумағында тұрақты тұрмайтын азаматтар.

TechWomen-2022 бағдарламасына қатысуға өтініш берудің онлайн нысаны    09.00 PST (GMT 08.00) 2021 жылдың 5 мамырында жабылады.

Бағдарлама 2022 жылдың ақпан-наурыз айларында өтеді.

Бағдарлама туралы толық ақпаратпен сілтеме бойынша таныса аласыз: https://kz.usembassy.gov/techwomen-program/

 

Без рубрики