«Сапалы білім – саналы ұрпақ» тақырыбындағы пікір-сайыс турнирі


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 20-21 наурызында ҚР ЖОО студенттері арасында «Google meet» платформасында онлайн форматта «Сапалы білім – саналы ұрпақ» тақырыбында республикалық пікір-сайыс турнирі өтті.  Іс-шараның басты қйымдастырушылары: Қарағанды техникалық университеті «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі К.С. Калыбекова және  кураторлары                 К.М. Хамзина, М.Т. Оспанғалиева, Г.К. Сагатова, Л.М. Кулейменова, аға оқытушы К.К. Нуржанова болды.

Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:

  • болашақ мамандарға патриоттық тәрбие берудегі ізгі істер мен маңызды оқиғалар, тенденциялар туралы жастардың түсінігін кеңейту;
  • екі жақты позицияда студенттердің сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды объективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;
  • Қазақстандағы жастар арасындағы белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру.

Пікір-сайыстың төреші шешімдеріне сәйкес жеңімпаз атанған топтарға  І, ІІ, ІІІ дәрежелі, «Үздік спикер», «Үздік төреші» дипломдары табысталып және барлық қатысушылар  ҚарТУ атқарушы директоры         А.З. Исагуловтың алғыс хатымен және жүлде алған командалар қаржылай  сыйлықтармен марапатталды.

  1. Бірінші орын – «Өзіміз ғой» фракциясы Қарағанды экономикалық университеті — 30 000 тг.
  2. Екінші орын – «У» фракциясы Қарағанды экономикалық университеті — 20 000 тг.
  3. Үшінші орын – «Өзің тупой» фракциясы Павлодар педагогикалық университеті — 15 000 тг.
  4. «Үздік спикер» — Мадияр Амангелді 10 000 тг.
  5. «Үздік төреші» — Нұрсұлтан Зікрия 10 000 тг.
  6. Пікір-сайыстың 6 төрешісіне – 18 000 тг.

 

 

Без рубрики