«Наурыз мейрамы-Қазақстанда көктемгі жаңару мен молшылық мерекесі»


«Наурыз мейрамы-Қазақстанда көктемгі жаңару мен молшылық мерекесі» атты  арнайы «Дәстүр мен ғұрып» жобасын жүзеге асыру аясында «Шет тілдері» кафедрасы 2021 жылғы 17 наурызда сағат 15.00-де Miсrosoft Teams  форматында мерекелік онлайн концерт өткізеді.

Іс-шараға 100-ден астам студент, сондай-ақ «Шет тілдері» кафедрасының ПОҚ қатысады.

Мақсаты: мемлекеттік және шет тілдерін үйренуге деген қызығушылықты ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, студенттердің ұлттық бірегейлігін сақтау, басқа мәдениеттер мен тілдерге деген құрметті арттыру.

1 курс студенттері мерекелік концертке қатысып, орыс және қазақ тілдерінде ән айтып, гитарада ойнап, Наурызды тойлау, түрлі елдердегі салт-дәстүрлер, ойындар, ас үй, әдет-ғұрыптар туралы үш тілде презентациялар ұсынады, сондай-ақ мереке туралы қызықты фактілерді білуге арналған викторина өткізіледі.

Іс-шараға  жауаптылар: «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ. к., доцент Джантасова Дамира Дулатовна, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты оқытушы Изотова Айгерим Сериковна, кафедра оқытушылары Нурпейсова Дина Лесбековна, Несипбаева Назым Ержановна.

Мерекелік іс-шараға қатысқысы келетін барлық ниет білдірушілерді шақырамыз !

Microsoft Teams коды fc2l6kz

 

 

Без рубрики