«Challenges of the 21st Century» халықаралық бейнепрезентациялар конкурсы


«Challenges of the 21st Century»
>Иваново Мемлекеттік энергетикалық университеті (Иваново қ., Ресей), Беларусь мемлекеттік университеті (Минск қ., Беларусь), Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ., ҚР) студенттері арасындағы
>халықаралық бейнепрезентациялар конкурсы

 

«Challenges of the 21st Century» халықаралық конкурсы 2021 жылғы наурызда Халықаралық ынтымақтастық және «Стратегиялық тәсілді дамыту: оқу процесінің сапасын басқару және техникалық ЖОО-да тілдерді оқыту әдістемесі» білім беру жобасын іске асыру шеңберінде үш жоғары оқу орнының студенттері арасында өткізіледі: Иваново Мемлекеттік энергетикалық университеті (Иваново қ., Ресей), Беларусь мемлекеттік университеті (Минск қ., Беларусь), Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ., ҚР).

Конкурсты ұйымдастырушылар:

  • ҚарТУ орыс тілі және мәдениеті кафедрасы;
  • ИГЭУ және БМУ ағылшын, орыс және француз тілдерін қарқынды оқыту кафедрасы.

Конкурстың мақсаттары:

  • орыс және шет тілдерінде академиялық ауызша қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;
  • студенттердің орыс және шет тілдерінде презентациялық дағдыларын қалыптастыру;
  • ЖОО білім алушыларының зерттеу дағдыларын дамыту.

Аталған байқау:

  • кәсіби мәдениет және іскерлік қарым-қатынас мәдениеті саласында талантты студент жастарды анықтау және көтермелеуге;
  • студенттердің бастамасын қолдауға;
  • студенттердің шығармашылық әлеуетін, креативті ойлауын дамытуға;
  • азаматтық пен патриотизмді насихаттауға;
  • адамзат мәдениетінің тарихын зерттеуге бағытталған;

Қатысушылардың негізгі міндеті жобалық жұмыстарды орыс және шет тілдерінде презентация түрінде қорғау болып табылады. Қорғау уақыты-5 минутқа дейін, презентация – 5-10 слайд.

Жобалық жұмыс қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша қатысушының пікірін көрсете алады.

 

 

Без рубрики