Мария Склодовская-Кюри стипендиялық бағдарламасы


Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесі Білім және мәдениет жөніндегі Бас директоратпен бірге Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуаль және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен 2021 жылғы 26 наурызда Мария Склодовская-Кюри (Marie Skłodowska-Curie Actions) стипендиялық бағдарламасы туралы онлайн ақпараттық сессия өткізеді.

Marie Skłodowska-Curie Actions (MSCA)  – бұл кәсіптік оқыту саласында қолдау көрсететін, ғылымның барлық саласындағы, бүкіл әлемдегі мансабындағы барлық сатыларда зерттеушілерді оқытуды, мансаптық дамуды және ұтқырлықты қолдайтын стипендиялық бағдарлама. MSCA докторлық және докторантурадан кейінгі бағдарламалардың дамуын, сондай-ақ халықаралық, сектораралық және институционалдық ынтымақтастықты қолдайды.

Іс-шараның мақсаты — жаңалықтармен таныстыру және әлеуетті өтініш берушілерге практикалық ұсыныстар беру.

Ақпараттық сессияның бағдарламасы Facebook әлеуметтік желісінде https://www.facebook.com/erasmuspluskz 2021 жылдың наурыз айының басында жарияланады.

Zoom платформасына қатысу сілтемесі кейінірек жіберіледі.

Мақсатты топ— профессорлық-оқытушылық құрам және басқа да мүдделі тұлғалар. Ақпараттық сессияны өткізу тілі — ағылшын тілі.

ілеспе аударма беріледі.

Қатысуға ниет білдірушілер 1 наурызға дейін нысанды толтырып және келесі сілтеме бойынша сауалнамаға жауап бере отырып, өздерінің іс-шараға қатысуын растай алады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScLvNtKF3vReS4Go5k1dUbYZCcigSaAk4ztyAtMgOCBoTDomQ/viewform?usp=sf_link

Қосымша сұрақтар бойынша Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесіне, Әйгерім Аянқызына телефон арқылы: +7 (701) 940 4979 (WhatsApp) хабарласуға болады.

 

 

 

Без рубрики