Қараганды облысы білім баскармасыныц Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» КМКК


Қараганды облысы білім баскармасыныц Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» КМКК, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев атындагы даңғылы, 52 құрылысы мекен-жайы бойынша орналасқан, қосымша білім беру ұйымының балалар бірлестігіне «қосымша білім беру педагогы» бос жұмыс орны тұралы хабарлайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) Мамандығы — 6В11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 6В07105 «Көлік, көліктік техника және технологиялары», оқыту тілі — орыс, қазақ.

Лауазымдық міндеттері Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады. Үйірменің, секцияның және басқа да балалар бірлестігінің білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оқу мерзімі ішінде оларды сақтау жөнінде шаралар қабылдайды. Балаларға қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтардың жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Тұрақты кәсіби қызығушылықтар мен бейімдіктерді қалыптастыруға ықпал етеді дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдайды. Балалардың бүқалалық білм беру іс-шараларына (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар және т.б.) қатысуын ұйымдастырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады. Ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагог қызметкерлерге консультациялық көмек көрсетеді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырады.

Жұмыс кестесі: кестеге сәйкес

Ұйымның байланыс мәліметтері:

тел: 8(72156)65402,8(72156)65403,8(72156)64700

e-mail: dompionerov-star@inbox.ru

 

 

Без рубрики