Қарағанды техникалық университетінде математика, физика, география, Қазақстан тарихы, биология, химия, қазақ және орыс тілдері пәндері бойынша интернет олимпиадаға тіркелу аяқталды


Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мектептердің 11 сынып оқушылары мен колледждердің 1 курс студенттері қатысты.

Тіркеуден келесі өңірлерден 2361 қатысушы өтті: Қарағанды облысы-664 адам, Павлодар облысы – 478 адам, Атырау облысы – 263 адам, Қызылорда облысы-263 адам, Ақмола облысы – 73 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 72 адам, Қостанай облысы – 65 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 57 адам, Маңғыстау облысы-54 адам, Түркістан облысы – 51 адам, Батыс Қазақстан облысы – 48 адам, Алматы қаласы – 47 адам, Алматы облысы – 47 адам, Нұр-сұлтан қаласы – 46 адам, Ақтөбе облысы – 45 адам, Шымкент қаласы – 44 адам, Жамбыл облысы – 44 адам.

Олимпиаданың келесі кезеңі – қолжетімділікті қамтамасыз ету, пәндер бойынша 1-тур тапсырмаларын беру:

  1. Математика 01.02.2021 ж. бастап 02.02.2021 ж. дейін
  2. Физика 03.02.2021 ж. бастап 04.02.2021 ж. дейін
  3. Химия 05.02.2021 ж. бастап 06.02.2021 ж. дейін
  4. Биология 08.02.2021 ж.
  5. Қазақстан тарихы 09.02.2021 ж.
  6. География 10.02.2021 ж.
  7. Қазақ тілі 11.02.2021 ж.
  8. Орыс тілі 12.02.2021 ж.

 

 

Без рубрики