Профессор Т.К. Исабек «Нұра ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды


 

 Техника ғылымдарының докторы, Ә.С. Сағынов атындағы Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу кафедрасының профессоры, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының және ҚР Тау-кен ғылымдары академиясының академигі  Исабек Тұяқ Көпейұлы «Нұра ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды!

ҚарТУ профессоры Т.К. Исабекке құрметті атақ беру туралы №473 шешімі 2020 ж. 4 тамыздағы Нұра ауданы маслихатының LV сессиясында қабылданды.

Куәлік пен «Нұра ауданының Құрметті азаматы» төс белгісін 2020 ж. 15 желтоқсанда Нұра ауданының орталығы Нұра кентінде Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған салатанатты жиналыста аудан әкімі Аян Шалмағамбетов өз қолымен табыстады.

Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары, қызметкерлері, докторанттары, магистранттары мен студенттері профессор Т.К. Исабекті шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер мен табыстар тілейді!

 

 

 

Без рубрики