Биыл колледждерге 140 мың мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Оның ішінде еңбек нарығында сұранысқа ие, әсіресе техникалық бағыттағы мамандықтарға басымдық берілді.
Талапкерлер құжаттарын eGov.kz порталы арқылы онлайн түрде немесе таңдаған колледжіне барып тапсыра алады.
Қабылдау процесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған бұйрыққа сәйкес колледждерге қабылдау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша квоталар қарастырылған.
Құжат қабылдау мерзімдері:
▫️ Жұмысшы біліктілігі бойынша – 25 маусым – 27 тамыз;
▫️ Орта буын мамандықтары (9 және 11 сынып базасында) – 25 маусым – 22 тамыз;
▫️ Шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусым – 20 шілде;
▫️ Педагогикалық мамандықтар бойынша – 25 маусым – 10 тамыз;
▫️ Медициналық мамандықтар бойынша – 25 маусым – 10 тамыз (9 сынып базасында), 15 тамызға дейін (11 сынып және техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында);
▫️ Кешкі оқу нысаны бойынша – 25 маусым – 20 қыркүйек.
Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына қабылдау аттестаттың орташа балы негізінде конкурс арқылы жүзеге асырылады.
Колледж — кәсіби білім алып, болашақ мамандыққа жол ашатын маңызды қадам. Талапкерлерге сәттілік тілейміз!
Кәсіптік бағдар беру мамандары:
+7 (700) 595-92-59
WhatsApp: +7 (771) 031-02-10
Қабылдау комиссиясы:
+7 (775) 212-66-85
8 (72-12) 56-44-22
Мекенжайымыз:
Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 56/1,
1-корпус, 102-кабинет.


