Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар басқармасы арасындағы әріптестік бойынша өз-ара келісім-шартқа сәйкес, «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасының БЖД-19-1,2 топтарының студенттері кураторлары Н.А. Медеубаев және Б.Қ. Мақашевпен бірге Қазақстан Республиканың президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды еріктілер (волонтерлар) жылы болады деген үндеуін қолдай отырып, Қарағанды қаласының тұрғындарын көктемгі су басу қаупінен алдын-ала сақтандыру мақсатында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының білікті мамандарымен бірлесе отырып, тұрғындар арасындар үгіт- насихат жұмыстарын өз еріктерімен, сабақтан тыс уақытта өткізуге ат салысты.Бұл іс-шаралар студенттерге болашақта өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын одан әрі оятып, тәжірибе жинақтауларына үлкен үлесін қосатыны сөзсіз.
Келешекте студенттердің мұндай төтенше жағдайлар басқармасымен бірлескен ерікті жұмыстары, сөзсіз жалғасын таба береді де, олар өздерінің теориялық білімдерін практика жүзінде жүзеге асыру мүмкіндіктеріне жол ашады.
Атап айтар болсақ, олар тек қана көктемгі су тасқынына ғана қатысты емес, сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі, экологиялық акциялар, қала тазалығы және тағы да басқа бұқаралық іс-щараларға байланысты жұмыстар деуге болады.