5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығының студенттері арасында «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» және «Өрт қауіпсіздігі» пәндері бойынша Республикалық Олимпиада


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында 2020 жылдың 13 — 14 наурыз аралығында 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығының студенттері арасында «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» және «Өрт қауіпсіздігі» пәндері бойынша XII Республикалық ЖОО аралық пәндік олимпиаданың II кезеңі өткізілді.

Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді.

Олимпиаданың екінші кезеңіне Қазақстан Республикасының 11 ЖОО-нан 31 студент қатысты.

Олимпиада жеңімпаздары деп танылды:

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша

1 орын Қалиолла Дана Ермұратқызы (Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті);
2 орын Қасымбеков Ерасыл Кенжебекұлы (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті);
Сақтағанова Гүлсезім Болатбекқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті);
3 орын Құрма Жақсылық Қайратұлы (М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы);
Жарқынбай Нұрлан Амангелдіұлы (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті);
Зияда Тілеулес Таңатқызы (Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті).

 

«Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша

1 орын Тұрғанбек Расул Нұрсұлтанұлы (Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті);
2 орын Жұматай Нұрбек Оразбекұлы (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті);
Сарсенбаев Ельдар Қанатұлы (Қазақ ұлттық аграрлық университеті);
3 орын Таңатова Салтанат Фарабиқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті);
Әмірғали Бекасыл Әмірғалиұлы (А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті);
Зейнулла Алтынай Ержігітқызы (Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті).

Республикалық олимпиаданы ұйымдастырушылар және жоғары білікті оқытушылар қатарынан қазылар алқасы студенттердің жоғары деңгейде дайындық деңгейін атап өтті. Ақтық кезеңге өткен ғылыми жетекшілер мен студенттерге олимпиадаға қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

 

 

 

 

Без рубрики