23.07.2014


ААҚ «Минск трактор зауытында»
өткен өндірістік практика туралы

2014 жылдың 03 маусымынан 05 шілдеге дейін машина жасау факультетінің 5В071200 «Машина жасау» және 5В070900 «Металлургия» мамандығының студенттері МЖТ кафедрасының аға оқытушысы Имашева К.И. жетекшілігімен ААҚ «Минск трактор зауытында» өндірістік практиканы ойдағыдай өткізіп келді. Зауытқа келгеннен студенттерге механикалық, болат құю, термиялық цехтарда жұмыс орындары берілді, Жұмыс барысында студенттер өздерін ұқыпты, тәртіпті және тәрбиелі жақтарын көрсете білді.
Жұмыстан тыс уақыттарында Минск қаласының тарихи және мәдениет жерлерімен танысты.
3 шілде күні Беларусь Республикасының Тәуелісз күні, осы мерекеге байланысты зауыт басшылары біздің студенттерге Брест қаласын көріп қайтуға мүмкіншілік жасады. Ұлы Отан соғысының басталған жерін көріп, ерлікпен қаза тапқан жауыңгерлерге мәңгілік алаудың жанында бір минуттық үнсіздік жасап қайтты.
Студенттерді жоғары деңгейде даярлағаны және тербие бергені үшін және Минск трактор зауытымен тығыз ынтымақтастықты жасағандары үшін университет ректоры А.М.Ғазалиевке және кафедралар меңгерушілеріне зауыт және цехтар басшыларының атынан алғыс хаттар жіберілді. Сонымен қатар, практика жетекшісі Имашеваға К.И. және студенттерге естелік сыйлықтар тапсырылып мақтау қағаздары берілді.

Без рубрики