21 ҚЫРКҮЙЕК – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК КҮНІ


21 қыркүйек – әлем жұртшылығын бейбітшілік пен өзара түсіністіктің қадірін тағы бір мәрте бағалауға үндейтін күн. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл күнді халықтар мен мемлекеттер арасындағы бейбітшілік мұраттарын нығайтуға арнаған.

Бейбіт өмір мен қоғамдық келісім – Қазақстан үшін де айрықша маңызға ие құндылықтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауқымды қақтығыстар, сауда соғыстары, адам өмірінің құнсыздануы кезеңінде бейбітшіліктің қадірі ерекше арта түсті. Өйткені, бұл – дамудың басты кепілі», – деп атап өткен.

Бейбітшілік – тек тыныш аспан ғана емес. Ол – өзара құрмет, сенім мен татулық орныққан қоғам, білім алуға, еңбек етуге, ізденуге және болашақты сеніммен құруға мүмкіндік беретін тұрақтылық.

Осы күні әр шаңыраққа амандық, елімізге тыныштық, ал барша адамзатқа бейбіт болашақ тілейміз.
Бейбітшілік пен келісім әрдайым ең қымбат құндылығымыз болып қала берсін!

Без рубрики