Құрметті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлектері!
Студенттік өмірдің ең жарқын әрі есте қаларлық сәттерінің бірі – көптен күткен диплом табыстау салтанаты да жақындап қалды. Осыған орай салтанатты шаралардың өткізілу кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
Құрметті түлектер!
Диплом алу – білім жолындағы еңбектеріңіздің нәтижесі әрі жаңа өмір кезеңіне бастар маңызды қадам.
Университет қабырғасында алған білім мен тәжірибе сіздердің кәсіби жолдарыңызда берік негіз болып, жаңа белестерге жетелей берсін.
Сіздерге өздеріңізге деген сенім,
биік мақсаттар,
табысты мансап,
кәсіби жетістіктер тілейміз!
Диплом табыстау салтанаты университеттің Акт залында өтеді.
Диплом табыстау салтанатында жүздескенше!
