Іс-шара Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылып, оның спикері ретінде «Respublika» партиясының «Pe. Women» әйелдер қанатының төрайымы Жібек Камалиевна Камали сөз сөйледі.
Семинарға колледж директоры Смагулова Н.А., директордың орынбасарлары, оқытушылар және 1 мен 3 курс студенттері қатысты. Жібек Камалиевна жаңа Конституция туралы қызықты әрі терең мағлұмат беріп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Zoom кездесуінен кейін тарих пәнінің оқытушысы Несипов Р.Р. мемлекеттік тілде «ҚР-ның жаңа Конституциясы» тақырыбында мазмұнды презентация ұсынды.
Іс-шара соңында оқытушылар мен білім алушылар арасында пікір алмасуға толы әсерлі әңгіме өрбіді.