2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жетекші Ресей жоғары оқу орындарында оқуға құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 25 қарашаға дейін ұзартылды.


Студенттерді бағдарламаға қатысып, Ресейдің жетекші серіктес университеттерінің бірінде оқу арқылы бірегей тәжірибе алуға шақырамыз. Өтінімдерді қабылдау бас оқу ғимаратының 241-кабинетінде 2025 жылғы 25 қарашаға дейін жүргізіледі.

  1. (Томск қ., Ресей) – https://abiturient.tpu.ru/bachelor
  2. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті   (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей) http://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialiteta — http://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialiteta
  3. Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) https://www.spbgasu.ru/applicants/areas-of-training/
  4. Орал мемлекеттік тау-кен университеті (Екатеринбург қ., Ресей)  — https://abit.ursmu.ru/importante/napravlenii-podgotovki.html
  5. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Мәскеу қ., Ресей) https://bmstu.ru/bachelor/majors
  6. Тюмень индустриалды университеті (Тюмень қ., Ресей) https://www.tyuiu.ru/abitur/bachelor/
  7. Иркутск ұлттық техникалық зерттеу университеті (Иркутск қ., Ресей) https://www.istu.edu/deyatelnost/obrazovanie/urovni
  8. Санкт-Петербург мемлекеттік университеті https://spbu.ru/postupayushchim/programms/bakalavriatҮміткерлерге қойылатын талаптар:
    • бакалавриаттың 2, 3 курс студенттері (грант және келісімшарт негізінде оқитындар);
    • ағымдағы GPA – 3.0 және одан жоғары;
    • орыс тілін меңгеру;
    • мамандықтың сәйкес болуы.

    Қажетті құжаттар тізімі:

    1. кафедра меңгерушісі мен факультет деканының қолы бар ұсыным хаттар;
    2. үлгерім транскрипті (https://ssc.kstu.kz/reference-student);
    3. жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі;
    4. мектеп аттестаты мен қосымшасының көшірмесі.

    Қосымша (бар болған жағдайда):

    • көп балалы отбасын растау туралы анықтама;
    • ата-анасыз қалған немесе жетім студент екенін растайтын құжат;
    • мүгедектікті растайтын анықтама;
    • республикалық немесе халықаралық деңгейдегі байқаулар мен іс-шараларға қатысқандығын растайтын сертификаттар, дипломдар және грамоталар.

    Қабылдаушы университеттің талап етуі бойынша қосымша құжаттар сұралуы мүмкін.

    Іріктеу кезінде тең ұпай жинаған жағдайда басымдық беріледі:

    1. GPA көрсеткіші жоғары үміткерлерге;
    2. шет тілін жоғары деңгейде меңгерген үміткерлерге;
    3. ата-анасыз қалған немесе жетім студенттерге;
    4. бала кезінен мүгедектерге және мүгедек балаларға;
    5. көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге.

    Шығындардың бір бөлігі университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен өтеледі (жол жүру, тұру және медициналық сақтандыру шығындары).

 

Без рубрики