2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» – 4 мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру жобалары бойынша ақпарат


AP19174909 «Режимдерді оңтайландыру арқылы арматуралық өзекшелер мен әртүрлі цилиндрлік дайындамалардың түйістіріп дәнекерлеу сапасын арттыру» жобаның жетекшісі Есиркепова А.Б.

Өзектлігі

Түйіспелі дәнекерлеу әдісінің технологиялық мүмкіндіктерін дамыту.

Жобаның мақсаты — әртүрлі металл дайындамаларды біріктіру кезінде түйіспелі дәнекерлеу сапасын арттыру.

Күтілетін нәтижелер

Дәнекерлеудің жан-жақтылығымен, өнімділігімен, жоғары дәлдігімен және сапасымен, сондай-ақ кең технологиялық мүмкіндіктерімен ерекшеленетін түйіспелі түйістіріп дәнекерлеу әдісі жасалады. Дәнекерлеу режимінің параметрлерін таңдау бойынша материал мен жалғанатын металл дайындамалардың диаметріне байланысты мәліметтер базасы құрылады.

Түйіспелі дәнекерлеудің ұсынылған әдісінің әлеуетті тұтынушылары ретінде отандық машина жасау және құрылыс кәсіпорындары қарастырылады.

Жоба нәтижелері бойынша жарияланатын болады:

— Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналдарда 2 мақала;

— БҒСҚК ұсынған журналдарда және (немесе) басқа отандық рецензияланатын ғылыми басылымда 1 мақала,

— 1 монография.

Зерттеу нәтижелері бойынша әр түрлі металл дайындамаларды біріктіру үшін түйіспелі дәнекерлеу әдісін қолдану бойынша ұсыныстар жасалады.

«Рапид механикалық зауыты» ЖШС жеке серіктес ретінде тікелей қатысып, жоба сомасының 0,1% мөлшерінде қаржыландыру енгізді және жобаны іске асыруға өтеусіз көмектеседі.

Жоба тақырыбы бойынша А.Б.Есиркепованың докторлық диссертациясы қорғалды.

1-суретте түйіспелі кедергімен дәнекерлеуге арналған MCP-25 машинасы және дәнекерлеу процесінің схемасы көрсетілген.

1-сурет — Түйіспелі дәнекерлеуге арналған MSR-25 машинасы және дәнекерлеу ағынының схемасы (а — түйіспелі дәнекерлеу машинасы MSR-25; б — дәнекерлеу ағынының схемасы)

2-суретте қарсылық түйіспелі дәнекерлеу арқылы қосуға арналған дайындамалар көрсетілген.

3-суретте арматура мен болат сымдардың өлшенбеген қималарының кедергісін түйістіріп пісіру процесі көрсетілген.

3-сурет – Түйіспелі дәнекерлеу процесі (а – дәнекерлеуге дайындық; б – түйіспелі дәнекерлеу процесі; в – салқындату процесі; г – салқындағаннан кейін)

           Зерттеу тобы

  1. Есиркепова Айым Бакытбековна – т.ғ.м., ТЖМжС кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми жетекші, Scopus Author ID 57219115360, Researcher ID Web of Science HGD-3044-2022, ORCID 0000-0003-4524-5135.

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57219115360

  1. Шеров Карибек Тагаевич — т.ғ.д., ТМмЖ кафедрасының профессоры, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ, ғылыми кеңесші.

Scopus Author ID 55330253200, ORCID 0000-0003-0209-180X.

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55330253200

Жарияланымдар тізімі:

  1. Есиркепова А.Б., Шеров К.Т., Ахмедов Х.И. Арматураларды түйістіріп дәнекерлеу тиімділігін арттыру мәселесі. Труды международной научно-практической конференции «XV Сагиновские чтения. Интеграция образования, науки и производства», Часть 3. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2023. – С.164-166.

https://www.kstu.kz/wp-content/uploads/2023/06/Sbornik-2023-CHast-3

Күтілетін жарияланымдар:

— Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналдарда 2 мақала;

— БҒСҚК ұсынған журналдарда және (немесе) басқа отандық рецензияланатын ғылыми басылымда 1 мақала

Қолдану саласы: Машина жасау және құрылыс өндірістері.

AP19175058 «Қазақстан Республикасының машина жасау кәсіпорындары жағдайында қиын өңделетін материалдарды кесу процестерін сандық модельдеу» жобаның жетекшісі Доненбаев Б.С.

Өзектілігі

Механикалық өңдеу бөлшектердің қалыптасуының негізгі түрі болып қала береді. Беттің дәлдігіне, кедір-бұдырлығына және сапасына қойылатын жоғары талаптар, әсіресе, Қазақстан Республикасының машина жасау өнеркәсібі жағдайында қиын өңделетін материалдарды өңдеу барысында өңдеу технологиясын және өндірісті даярлауды жетілдіруді талап етеді. Қиын өңделетін материалдарға үлкен габаритті тетіктер және заманауи тозуға төзімді материалдар жатады.

Отандық кәсіпорында үлкен габаритті тетіктерді дайындау және қалпына келтіру жұмыстары негізінен  «Алматы ауыр машина жасау зауыты» (ААМЗ) және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» (ПАМЗ) зауыттарында мамандырылған.

Үлкен габаритті тетіктерді дайындауға байланысты мәселелерді зерттеу мақсатында «ААМЗ» АҚ жағдайында зерттеу жүргізілді.

«ААМЗ» АҚ жағдайында үлкен габаритті тетіктерді өңдеу технологиясы мен сапа көрсеткіштерін қамтамасыз етуге байланысты жай-күйді зерттеу нәтижесінде бірқатар мәселелер анықталды: үлкен габаритті тетіктерді орнатуға, дәлдеуге, бекіту мен ағытып алуға уақыт шығыны; қосымша жабдықтар даярлау қажеттілігі; тербелістің пайда болуының өңдеу дәлдігіне және құралдың үлкен шығына алып келетін кесуші  құралдың төзімділігне кері әсері.

Сондай-ақ, заманауи материалдарды өңдеу кезінде өңдеу режим параметрлерін таңдауының болмауына байланысты қосымша қиындыққа әкеледі.

Инженерлік есептеулер үшін бағдарламалық пакеттердегі өңдеу процестерін сандық модельдеуде қиын өңделетін материалдарын өңделудің тиімділігін арттыруға болады. Және бұл процестерді модельдеудің жаңа әдістемесін әзірлеуді талап етеді. Осындай әдістемені құру деформациялар, кернеулер, температура, өңдеу аймағында кесу күштерінің таралу мәндерін алуға мүмкіндік береді.

Алынған қортындылар талдау құралдың төзімділігін жоғарылату және өңделген беттің сапасы тұрғысынан құралдың оңтайлы кесу режимдері мен геометриясын таңдауға мүмкіндік береді.

Осы зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы Қазақстан Республикасының отандық машина жасау кәсіпорындарының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешуге тікелей қолданылады.

Жобаның мақсаты

Жобаның мақсаты – құралдың төзімділігін және қиын өңделетін материал бетінің сапасын арттыру.

 

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Қиын өңделетін материалдарды өңдеу процесін механикалық өңдеудің әртүрлі тәсілдерінде (фрезерлеу, жону, бұрғылау және т.б.) өңдеудегі кесудің қолайлы жағдайы үщін арналған сандық модельдеу әдістемесі, сондай-ақ бағдарламалық кешендерде қиын өңделетін материалдардың қирау моделін құру әдістемесі жаратылады.

Ұсынылған ғылыми өнімдердің әлеуетті тұтынушылары ретінде отандық машина жасау кәсіпорындары қарастырылып отыр.

Жобаның нәтижелері бойынша жарияланады:

— БҒСҚК ұсынған журналдарда және (немесе) басқа отандық рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала;

— Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналдарда кемінде 2 (екі) мақала;

— авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 1 (бір).

Зерттеу нәтижелері бойынша қиын өңделетін материалдарды өңдеу процесін механикалық өңдеудің әртүрлі тәсілдерінде (фрезерлеу, жону, бұрғылау және т.б.) өңдеу, сондай-ақ кесу режимдерін таңдау бойынша ұсыныстар жаратылады.

Жоба сомасының 0,1% мөлшерінде ақшалай көлемдегі қаржыландыруды ЖШС «Конструкторлық бюро «STEP» жеке серіктес ретінде тікелей қатысады.

Жаратылған әдістемелер механикалық өңдеу машина жасау саласы үшін, сондай-ақ бағдарламалық жүйелерді дамыту мамандары үшін ғылыми және практикалық құндылыққа ие.

Ғылыми жаратылымдар болашақта коммерцияландырудың жоғары дәрежесіне ие. Көміртекті болаттың қирауының тәжірбиелік және сандық нәтижелерін салыстыру бойынша ҒЖБССҚК ұсынған  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы журналының техникалық ғылымдар және технология сериясының. №3/2023 нөмірінде «Төмен көміртекті болаттың қирауының даму кезеңін тәжірибелік зерттеу және сандық үлгілеу» атты мақала жарияланды.

Зерттеу тобы

  1. Доненбаев Бакытжан Серикович – PhD, «Механика» кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми жетекші.

Хирша индексі – 2, ResearcherID – С.

https://orcid.org/0000-0001-6923-3476

Scopus Author ID: 57193404717

  1. Магавин Сабит Шамильевич — т.ғ.к., ТМмЖ кафедрасының доценті, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ, ғылыми кеңесші.

Хирш индексі – 2, ResearcherID: FMW-5410-2022,

https://orcid.org/0000-0003-0920-1442 ,

Scopus Author ID: 57193404717

Талаптарға сәйкес жоба жетекшісінің жарияланымы:

  1. Б.С. Доненбаев, С.Ш. Магавин, К.Т. Шеров, А.К. Ракишев, М.М. Мусаев. Төмен көміртекті болаттың қирауының даму кезеңін тәжірибелік зерттеу және сандық үлгілеу // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы. Техникалық ғылымдар және технология сериясы. №3/2023. – 134-142б.

Ықтимал пайдаланушыларға арналған ақпарат

Бұл жобада өңдеу процесін тәжірибелік және сандық соңғы элементтерді модельдеу нәтижелерін ескере отырып, әртүрлі механикалық операцияларға қиын өңделетін материалдардың кесу режимдерін аналитикалық есептелуі қаралады. Механикалық өңдеудің әртүрлі тәсілдеріне оңтайлы кесу режимдерін анықталынатын болады.

Механикалық өңдеу кезінде тербелістің пайда болуының өңдеу дәлдігіне және құралдың үлкен шығына алып келетін кесуші  құралдың төзімділігі зерттеледі

Осы зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы Қазақстан Республикасының отандық машина жасау кәсіпорындарының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешуге тікелей қолданылады.

Жаратылатын әдістемелер механикалық өңдеу машина жасау саласы үшін, сондай-ақ бағдарламалық жүйелерді дамыту мамандары үшін ғылыми және практикалық құндылыққа ие.

Қолдану саласы

Қазақстан Республикасының машина жасау кәсіпорындары.

AP19175311 «Жылуды оқшаулау параметрлерін оңтайландыру негізінде орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігі мен сенімділігін арттыру» ғ.ж. Байдюсенов Г.Н.

Өзектілігі

Құбырларды, жабдықтарды жылуқорғауды оңтайландыру әдістерін жетілдіру және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей отырып, жылу желілерінің пайдалану сипаттамалары мен үнемділік көрсеткіштерін жақсарту үшін жылу оқшаулағыш материалдарды таңдау әдістемесін негіздеу.

Жылу желілердің тозу үлесі үлкен соның салдарынан қаржылық шығындарға әкеледі. Жылу тасымалдағыштың және оның энергетикалық әлеуетінің ысыраптарын азайту, қазіргі заманғы алдын ала оқшауланған құбырларды қолдану есебінен ОЖЖ жүйелерінің пайдалану мерзімін ұлғайту және олардың жай-күйін жыл сайын бақылау елдің энергетикалық әлеуетін ұтымды пайдалануға, жылу энергиясына тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан жылу желілерінің тиімді және ұзақ мерзімді жұмысына ықпал ететін жылу оқшаулағыш материалдарды талдау жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудың өзекті міндеті болып табылады.

1) материалдар, конструкциялар, жылу оқшаулауының жай-күйі және пайдаланудың әртүрлі жағдайларындағы жылу ысыраптарының шамалары бойынша нақты деректерді талдау негізінде жылу ысыраптарын айқындаудың қолданыстағы есептеу әдістемелерінің дұрыстығын бағалау жүргізілетін болады.

2) режимдік және конструктивтік параметрлердің көп санын ескере отырып, жылу желілерін төсеудің әртүрлі жағдайларында үлестік жылу шығынын есептеуге мүмкіндік беретін нормаланған жылу шығынын айқындау әдістемесі әзірленетін болады.

3) жылу желілерін жобалау кезінде ең аз жылу шығынына жол беретін және жылу желісінің энергия тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ететін ППУ мен құбыржолдардың ТЕХМАТЫНАН жылу оқшаулау параметрлерінің оңтайлы мәндерін айқындау әдістемесі әзірленетін болады.

4) жобалау сатысында жерасты жылу трассаларының жылу ысыраптарының шамаларын болжау үшін жылу желісінің қалыпты жұмыс режимін қамтамасыз ететін және жеткізілетін және кері құбырлардағы оқшаулағышы мен жабын қабатының бұзылуына, арнаны желілік сумен басуға, жылу құбырының айналасындағы топырақты ылғалдандыруға жол бермейтін тиімді есептеу бағдарламалары мен алгоритмдері әзірленетін болады.

5) жылу ысыраптарының нормативтерін қазіргі заманғы оқшаулау материалдары (ППУ және ТЕХМАТ) үшін нақты мәндерге дейін төмендету мүмкіндіктері анықталып, ғылыми негізделетін болады.

6) қолданыстағы дәстүрлі оқшаулау бетінде жұқа қабықшалы жабынды қолдана отырып, құбырлардың жылу оқшаулауы арқылы жылу шығынын азайту есебінен жылу энергиясын беру кезінде энергия үнемдеу әдістері әзірленетін болады.

Жобаның мақсаты

Жобаның мақсаты құбырларды, жабдықтарды жылуқорғауды оңтайландыру әдістерін жетілдіру және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей отырып, жылу желілерінің пайдалану сипаттамалары мен үнемділік көрсеткіштерін жақсарту үшін жылу оқшаулағыш материалдарды таңдау әдістемесін негіздеу болып табылады.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

1) материалдар, конструкциялар, жылу оқшаулауының жай-күйі және пайдаланудың әртүрлі жағдайларындағы жылу ысыраптарының шамалары бойынша нақты деректерді талдау негізінде жылу ысыраптарын айқындаудың қолданыстағы есептеу әдістемелерінің дұрыстығын бағалау жүргізілетін болады;

2) режимдік және конструктивтік параметрлер санының көптігін ескере отырып, жылу желілерін төсеудің әртүрлі жағдайларында үлестік жылу шығынын есептеуге мүмкіндік беретін нормаланған жылу шығынын айқындау әдістемесі әзірленетін болады;

3) жылу желілерін жобалау кезінде ең аз жылу шығынына жол беретін және жылу желісінің энергия тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ететін ППУ мен құбыржолдардың ТЕХМАТЫНАН жылу оқшаулау параметрлерінің оңтайлы мәндерін айқындау әдістемесі әзірленетін болады;

4) жобалау сатысында жерасты жылу трассаларының жылу ысыраптарының шамаларын болжау үшін жылу желісінің қалыпты жұмыс режимін қамтамасыз ететін және жеткізілетін және кері құбырлардағы оқшаулағыш пен жабын қабатының бұзылуына, арнаны желілік сумен басуға, жылу құбырының айналасындағы топырақты ылғалдандыруға жол бермейтін тиімді есептеу бағдарламалары мен алгоритмдері әзірленетін болады;

5) жылу ысыраптарының нормативтерін қазіргі заманғы оқшаулағыш материалдар (ППУ және ТЕХМАТ) үшін нақты мәндерге дейін төмендету мүмкіндіктері анықталып, ғылыми негізделетін болады;

6) қолданыстағы дәстүрлі оқшаулау бетінде жұқа қабықшалы жабынды қолдана отырып, құбырлардың жылу оқшаулауы арқылы жылу шығынын азайту арқылы жылу энергиясын беру кезінде энергия үнемдеу әдістері әзірленетін болады.

Суретте жылу оқшаулағышы бар құбыр кіретін сұйықтықтың жылу техникасын зерттеуге арналған зертханалық текшесі көрсетілген. (1-сурет).

  1-сурет. жылу оқшаулағышы бар құбыр кіретін сұйықтықтың жылу техникасын зерттеуге арналған зертханалық текшесінің сыртқы көрінісі көрсетілген

Зерттеу тобы

  1. Байдюсенов Галым Нуржанович — т.ғ.м., ЭЖ кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми жетекші.

Хирша Индексі 0

ORCID: 0000-0001-6145-7117

Scopus Author ID: 57541025100

ResearcherID: HGD-2613-2022

  1. 2. Абильдинова Сауле Кианбековна — PhD, «Гумарбек Дукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ ИМжК кафедрасының доценті, ғылыми кеңесші.

Хирша Индексі 3

ORCID: 0000-0002-9502-6208,

Scopus Author ID: 57192198775

ResearcherID: CCO-6276-2022

Күтілетін жарияланымдар:

  1. Implementation of new methods for calculating heat loss under humidification of a heat insulator. В журнале Applied Sciences (Switzerland) Crystals, MDPI басылымы.

Ықтимал пайдаланушыларға арналған ақпарат

Құбырларды, жабдықтарды жылу қорғауды оңтайландыру әдістерін жетілдіру және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей отырып, жылу желілерінің пайдалану сипаттамалары мен үнемділік көрсеткіштерін жақсарту үшін жылу оқшаулағыш материалдарды таңдау әдістемесін негіздеу.

Жылу желілердің тозу үлесі үлкен соның салдарынан қаржылық шығындарға әкеледі. Жылу тасымалдағыштың және оның энергетикалық әлеуетінің ысыраптарын азайту, қазіргі заманғы алдын ала оқшауланған құбырларды қолдану есебінен ОЖЖ жүйелерінің пайдалану мерзімін ұлғайту және олардың жай-күйін жыл сайын бақылау елдің энергетикалық әлеуетін ұтымды пайдалануға, жылу энергиясына тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан жылу желілерінің тиімді және ұзақ мерзімді жұмысына ықпал ететін жылу оқшаулағыш материалдарды талдау жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудың өзекті міндеті болып табылады.

Зерттеу орталықтандырылған жылумен жабдықтау желісіндегі жылу оқшаулауын жақсартуға арналған. Ұсыныстың күшті жақтары – тақырыптың жоғары өзектілігі, яғни энергия тиімділігі және энергетикалық инфрақұрылымды жобалау. Осылайша, ұсынылған тақырып Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырады. Энергетика және машина жасау саласындағы қызықты және сұранысқа ие қолданбалы зерттеулер, — жобаның мақсаттары мен зерттеу жоспары айқын және шынайы, — жақсы инфрақұрылым.

Конфигурация мен энергия шығынын зерттеу үшін бірқатар бақыланатын зертханалық тәжірибелер жасалады.

Қолдану саласы

Жоба пәнаралық болып табылады, тар ғылыми салалар арасындағы өзара әрекеттесу тұрғысынан пәнаралық тәсіл қабылданады. Жоба құрылыс инжинирингі секторы үшін де, машина жасау және энергетика секторлары үшін де өзекті. Осылайша, ұсынысқа жоғары баға беріледі, өйткені ол пәнаралық және жоғары инновациялық мақсаттарды көрсетеді.

 

AP19174774 «Жер асты тау кен жұмыстарының жер үсті әлеуметтік объектілеріне әсерін зерттеу» ғ.ж. Хуанган Н.

Өзектілігі

Камералық-бағаналы жүйемен кен өндіру ең тиімдінің бірі болып табылады. Қолданылатын технологияның елеулі кемшіліктері – өндірілген кеңістікті (бос жерлерді) ұстап тұру үшін қалдырылған кеннің кентіректе тұтастай жоғалуы, ұзақ қызмет ету мерзіміне (онжылдыққа) байланысты қуыстар көлемінің жиналуы және кентіректер жойылғаннан кейін олардың құлауы. Үлкен аудандарда өндірілген кеңістіктердің кенеттен құлауы техногендік жер сілкіністерімен бірге жүреді.

1996 жылы жер сілкіністерімен қатар жүретін бірқатар ірі құлаулардан кейін ҚР МТҚ комитетімен келісіліп, қалыптасқан тау-кен техникалық және геомеханикалық жағдайларда Жезқазған кен орнын одан әрі тиімді және қауіпсіз игерудің жаңа Тұжырымдамасы әзірленді, ҚР өнеркәсіп және сауда министрі бекітті. Онда кен орнын сәйкестігінше өнеркәсіптік пайдалануды аяқтайтын үш қағидаттық ереже тіркелді: 1) қалған баланстық қорларды пысықтауды камералық-бағаналы жүйемен жүргізу, ол үшін Жезқазған жағдайында қатардағы және құндылығы төмен кен өндіру үшін қолайлы балама жоқ; 2) қалған баланстық қорларды бастапқы игерумен бір мезгілде кеннің шығыннан қайтарылуымен бұрын қалдырылған кентіректерді қайта игеруді жүргізу 3) қайта қазу барысында басқарылатын өздігінен құлайтын қалыңдықпен жинақталған бос орындарды толтыруды жүргізу.

Жобаның негізгі мақсаты – тау-кен жұмыстарының әсерінен Жезқазған кентінің ауданындағы сейсмикалық қауіпті бағалау.

Кен денелерін және/немесе камерааралық кентіректерді игеру кезінде жер асты тау-кен жұмыстарының жер бетіне құрылыстарымен қоса деформациясына әсері инженерлік және ғылыми зерттеулер үшін, оның ішінде геомеханика саласында арнайы әзірленген COMSOL және MATLAB қолданбалы бағдарламаларының пакеттерін пайдалана отырып, соңғы элементтер әдістерімен массивтің кернеулі-деформацияланған күйін сандық модельдеу арқылы зерттеледі.

Жерасты тау-кен жұмыстарының күзет объектілерінің тұрақтылығына әсерін бағалау үшін жылжымалы мульда бетінің абсолютті (мм) және салыстырмалы (мм/м) шөгінділері пайдаланылады.

Бейінді сызықтар бойынша тау-кен массивінің жылжуын және күндізгі беттің өңделетін учаскелерінің геомеханикалық күйін сандық модельдеуді есептеу тік шөгінділердің мәндерін береді. Бұл жылжымалы аймаққа түсетін жер үсті объектілерінің ықтимал елеулі деформациялары туралы және тиісінше – Жезқазған және Крестовский кенттерінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру қажеттілігі туралы қорытынды.

Жобаның мақсаты

Жобаның мақсаты – тау жыныстарының жылжуының геомеханикалық параметрлерін есептеу және күндізгі беттің абсолютті тік шөгінділерінің мәндерін көрсететін үш профильді сызық бойынша күндізгі беттің өңделетін учаскелерінің геомеханикалық күйін сандық модельдеу. Бұл жылжу аймағына түсетін жер үсті объектілерінің ықтимал елеулі деформациялары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтиже

Жобаны іске асыру нәтижесінде жер үсті қорғалатын объектілердің жай-күйіне тау-кен жұмыстарының әсерін бағалау әдістемесі әзірленетін болады. Әдістеме ДЭЕМ-де қолданбалы бағдарламаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады және геомеханикалық процестерді модельдеу тәртібін, тау жыныстары массивінің кернеулі-деформацияланған күйін бағалауды, жылжу мульдасы шегінде жер бетінің жылжуы мен шөгуін есептеуді қамтиды.

Әдістеме тау кен өндіру ұйымдарының техникалық қызметтеріне уақыт факторын ескере отырып, оларды жоспарлау бөлігінде тау-кен жұмыстарын жүргізу тәртібін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

  1. Web of Science дерекқорында импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартилдің журналдарында кемінде 2 (екі) мақала жарияланады немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі болады.
  2. КОКСОН ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда кемінде 2 мақала жән е(немесе) шолулар жарияланатын болады.
  3. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы 2 куәлік алу жоспарлануда.

Жезқазған кен орны жағдайында жерасты қазу кезінде техногендік жер сілкіністерінің магнитудасын болжаудың сандық әдісі жүргізілді:

Ғалымдар Д.В.Мосякиннің, А.Б Макаров ақпараттары бойынша жер сілкінісінің энергетикалық класының құлау аймағына тәуелділігі алынды (1-сурет).

Құлау кезіндегі массивтің қозғалысы (немесе орын ауыстыруы) мен техногендік жер сілкінісінің магнитудасы арасындағы байланыс салынған графигі және көрінісі мен ШЖК № 31 шахтасының № 32 бейіндік желісі бойынша РТН массивтің сандық модельдеуі 2-суретте көрсетілген.

2-сурет – Графиктер: (a) техногендік жер сілкінісі магнитудасының массивтің жылжу шамасына тәуелділік; (b) ойыс бетінің абсолютті тік шөгінділері (мм)

M = 4,851 · L0,268   формуласы бойынша есептелген, 0,45 м тік массивтің шөгуінен туындаған техногендік жер сілкінісінің магнитудасы 3,95 құрайды.

3 суретте сол ШЖК № 31 шахтасының № 21 бейіндік желісі бойынша соңғы элементтер әдісі бойынша РТН сандық модельдеудің есептік сызбасы келтірілген.

Суреттен көрсетілгендей, үш кен орны толығымен алынып тасталады, бұл массивтің үлкен жылжуына және айтарлықтай техногендік жер сілкінісіне әкелуі мүмкін.

 

Зерттеу тобы

  1. Хуанган Нурбол -«Тау-кен ісі» мамандығы бойынша PhD, профессордың асс-ті, метан энергетикасы сынақ зертханасының басшысы, ғылыми жетекші. Хирша Индексі -3, https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57191875943, https://orcid.org/my-orcid  Author ID в Scopus: 57191875943 ORCID ID: 0000-0001-9609-6649
  2. Асаинов Сергей Турсунович — т.ғ.к., ПҚКБ кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми кеңесші.

Жарияланымдар тізімі

КОКСОН базасына кіретін журналда 1 мақала (Хуанган Нұрбол, Асаинов Сергей Турсунович, Шахатова Алия Талгатовна. «Геомеханическая оценка влияния отработки выемочного участка на состояние подземных геомеханических конструкций». Труды университета №3 (92) 2023, Раздел «Геотехнологии. Безопасность жизнедеятельности», С. 213-219 DOI 10.52209/1609-1825_2023_3_213,).

Зияткерлік меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алынды (2023 жылғы «4» қазандағы № 39404 авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәлік (авт. Хуанган Нурбол, Асанов Сергей Турсунович).

Ықтимал пайджаланушылар үшін ақпарат

Тау жыныстары массивінің физикалық-механикалық қасиеттері мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу бойынша геотехнологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша талдамалық анықтама жасалды. Жезқазған кен орнының қысқаша геологиялық сипаттамасы.

Кен денелері мен негізгі жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттері туралы мәліметтер базасы жасалды. Кен орнын пайдаланудың тау-кен-геологиялық және тау-кен техникалық жағдайларының кен денелерін өңдеу кезінде жерасты тау-кен жұмыстарының параметрлеріне әсері.

Алынған зерттеу нәтижелері кен орнының нақты учаскелерінде жерасты тау кен жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді

Қолдану саласы

Пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен игеруді жүргізетін тау-кен кәсіпорындары.

Без рубрики