№ АР13067779 «Көмірдегі эксплозивтік вулканизм өнімдерін сәйкестендіру мақсатында Қарағанды көмір бассейні шөгінділерінің минералдық-геохимиялық ерекшеліктерін зерттеу» ғ.ж. Копобаева А.Н.
Бұл жұмыстың өзектілігі вулканогендік пирокластикалық материалдың көмірдегі сирек элементтердің геохимиялық фонын қалыптастыруға, оларды көмір қабаттарын корреляциялау және сәйкестендіру кезінде маркерлік аймақтар ретінде пайдалану және олардың шығу жағдайларын егжей-тегжейлі зерттеу үшін, әсерін бағалау қажеттілігінде жатыр.
Жобаның мақсаты карбон көміріндегі пирокластиканың минералдық-геохимиялық ерекшеліктерін зерттеу және сирек металдардың көзі ретінде пирокластиканың сирек металдардың құрамына әсерін бағалау.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:
Көмір мен саз қабаттарын кешенді геохимиялық және минералогиялық зерттеуді қамтитын жоба бойынша зерттеулер жүргізілді. Далалық зерттеулер жүргізілді, оның барысында сазды және туфогенді қабаттардың сынамаларын іздеу және іріктеу мақсатында көмірлі шөгінділердің қимасы зерттелді. Көмір қабаттары мен саз қабаттарын сынау Қарағанды көмір бассейнінде Саран, Күзембаев, Ақтас шахталары кенжарларында сараланған сынамалармен орындалды (1-сурет), сынау аралығының ұзындығы қабат қуаты мен құрамының күрделілігіне байланысты таңдалды, орта есеппен 10 м-ден 200 м-ге дейін өзгерді. Қарағанды бассейнінің көмірлері мен сыйыстырушы тау жыныстарының іріктелген 300 сынамасы көмірді зерттеуге мамандандырылған аккредиттелген, жетекші зертханаларда сынама даярлаудан, зертханалық-талдамалық зерттеулерден өтті, атап айтқанда: 1) сазды қабаттар мен көмірлер сынамаларының элементтік құрамын анықтау индукциялық-байланысқан плазмамен атомдық-эмиссиялық спектрометрия және индукциялық-байланысқан плазмамен масс-спектрометрия әдістерімен жүргізілді (ICP-OES және ICP-MS); 2) минералдардың таралуы, көмір мен саз қабаттарының формалары, морфологиялық ерекшеліктері Ресей Ғылым академиясының Қиыр Шығыс геологиялық институтының Қиыр Шығыс филиалының федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінде энергетикалық дисперсиялық рентгендік спектроскопиямен (СЭМ-ЭДС) біріктірілген аналитикалық сканерлеуші электронды микроскопияны қолдану арқылы зерттелді.
Зерттеу тобы
1 Копобаева Айман Ныгметовна – жоба жетекшісі, PhD, ГПҚКБ кафедрасы доцентінің м.а.
Scopus Author ID: 57208583785,
ResearcherID: X-7308-2018,
ORCID: 0000-0002-0601-9365. (Зерттеудің ұтымды бағытын таңдау мен негіздеуге, геохимиялық деректерді талдау мен түсіндіруге, петрохимиялық материалдарды, геологиялық деректерді бағалауға қатысады).
2 Амангельдіқызы Алтынай – жауапты орындаушы, PhD, ГПҚКБ кафедрасының аға оқытушысы.
Scopus Author ID: 57208573495,
Researcher ID: E-4878-2018,
ORCID: 0000-0002-6665-8804. (атқаратын функциялары: зертханалық, микроскопиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, деректерді талдау, зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдарды дайындау. Қатысу жобаны орындаудың барлық мерзіміне болжанады).
3 Соктоев Булат Ринчинович – орындаушы, шетелдік ғалым, г.-м.ғ.к., ТПУ ҒИ доценті.
Scopus Author ID: – 56646525800,
Researcher ID: AAG-6805-2020,
ORCID: 0000-0002-4102-4282. (Атқаратын функциялары: жоба нәтижелері бойынша жарияланымдарды дайындау, аналитикалық зерттеулердің нәтижелерін талдау және өңдеу, геохимиялық деректерді түсіндіру).
4 Асқарова Назым Сражадинқызы – орындаушы, PhD, ГПҚКБ кафедрасының оқытушысы.
Scopus Author ID: 57208580562,
ORCID: 0000-0002-2103-6198,
Researcher ID: X-7261-2018. (Атқаратын функциялары: геологиялық және тектоникалық карталарды құрастыру және деректерді талдау, жоба нәтижелері бойынша жарияланымдарды дайындау бойынша компьютерлік жұмыстарды жүргізу. Қатысу жобаны орындаудың барлық мерзіміне болжанады).
5 Блялова Гулим Галымжановна – орындаушы, т.ғ.м., ГПҚКБ кафедрасы GRD — 21 тобының докторанты.
Scopus Author ID: 57431098000,
Researcher ID: ГВВ-7603-2022,
ORCID: 0000-0001-8801-8683 (Атқаратын функциялары: геологиялық карталарды, қималарды жасау; компьютерлік жұмыстарды орындау; деректерді жинау және түсіндіру; зерттеу тақырыбы бойынша жарияланымдарды дайындау. Қатысу жобаны орындаудың барлық мерзіміне болжанады).
6 Жұмағұлов Санаби Ермекұлы – орындаушы, ГПҚКБ кафедрасы ГРМ-22-2 тобының магистранты (Атқаратын функциялары: минералогиялық, геохимиялық деректерді өңдеу, жоба нәтижелері бойынша жарияланымдарды дайындау. Қатысу жобаны орындаудың барлық мерзіміне болжанады).
7 Бакыт Әйгерім (02.03.1998 г.) – орындаушы, магистрант.
Research ID: ABF-3573-2021,
ORCID: 0000-0003-0661-310X. (Атқаратын функциялары: геохимиялық деректерді компьютерлік өңдеу, петрохимиялық модульдерді құру және оларды түсіндіру. Қатысу жобаны орындаудың барлық мерзіміне болжанады).
8 Казтаев Ермұрат Муратович – орындаушы, магистрант.
Researcher ID: AEZ-7901-2022,
ORCID: 0000-0002-9725-270. (Атқаратын функциялары: графиктер мен диаграммаларды салу, математикалық есептеулер, геологиялық карталарды, қималарды жасау; компьютерлік жұмыстарды орындау. Қатысу жобаны орындаудың барлық мерзіміне болжанады).