Әлімхан Ермековтың 135 жылдығына арналған Республикалық студенттік ғылыми конференция.


Құрметті студенттер!

2026 жылғы 2–3 сәуір аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасында Әлімхан Ермековтің 135 жылдығына арналған «Жастар ғылымының инновациялық және цифрлық технологиялардың дамуына қосқан үлесі» атты Республикалық студенттік ғылыми конференция өтетінін хабарлаймыз!

Конференцияға қатысу тегін.

Қатысу нысаны: күндізгі, online, сырттай.

Баяндамалардың тезистері, өтінім (қолтаңбасы бар сканерленген нұсқа) және тезистің көшіріп алынбағанын тексеру туралы анықтаманы (түпнұсқалығы кемінде 75%) электрондық түрде conf@ktu.edu.kz  электрондық поштасына 2026 жылғы 10 наурызға дейін жіберуді сұраймыз.

 

Байланыс ақпараты:

Пошталық мекенжай: 100012, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев данғ., 56. Әбілқас  Сағынов атындағы ҚарТУ (бас корпус, 2 қабат, каб.226).

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: Сулеев Бахтияр Даниярович.

Анықтама телефоны: (8-7212) 56-52-34.

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Без рубрики