Тек ақыл, ғылым, ерік, ар-ұждан адамды көтереді


Тәрбиелік іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп, 60-тан астам ҚартУ студенттерін қамтиды.

Биыл ұлы ақын, ойшыл және де қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Абай философиясымен қатар халық, мәдениет және тіл туралы дана ойлары Қазақстандықтардың кейінгі ұрпақтары үшін құнды рухани мұраға айналды.

Абай-ұран, Абай шығармашылығы-заман тынысы, Абай-халық дауысы. Абайдың жарқын бейнесі және оның өлеңдері мәңгі бізбен бірге. Абай-қазақ халқының жолының көрінісі. Ол әлем мойындаған көркем сөздің зергерлік шебері. Халқымыздың рухани байлығын бүкіл әлемге ашқан ақынға тең келер тұлға жоқ.

Бұл іс-шараның мақсаты: студенттерді ұлы ақын және ойшыл Абайдың шығармашылығымен және өмірбаянымен таныстыру, студенттерді дана Абай шығармаларына тарту, ұлы автордың идеясын насихаттау, халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.

Ісшараға жауаптылар: меңгерушікафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Джантасова Дамира Дулатовна, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты Изотова Айгерим Сериковна, кафедра оқытушылары Абдыкаримова Молдир Маратовна, Абдыкаримова Гулнур Маратовна.

Іс-шара ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде өткізіледі. 1 және 2 курс студенттері тәрбиелік іс-шараға қатысады (Абайдың әндері мен өлеңдерін орындайды, ұлы ақынның шығармашылығы туралы әңгімелейді, 3 тілде өз презентацияларын ұсынады).

Без рубрики