«120 көшет отырғызу» акциясы өтті


6 мамыр күні жалпықалалық сенбілік аясында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің корпустарының айналасында  «120 көшет отырғызу» акциясы өтті. Акция 29 сәуір күні өткен «Профессорлар аллеясын» ашу  рәсімінің жалғасы болып табылады. Маңызы зор бұл шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күіні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Университет ландшафтын көріктендіруге мүмкіндік беретін аталмыш акция аймағымыздың ірі холдингі «Имсталькон-Теміртау» ЖШС-нің директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының директоры Иван Георгиадидің көмегімен жүзеге асты. Өңір табиғатын жасылдандыруға жанашыр жан тарапынан сыйға тартылған 120 сәндік ағаш – қайың, қарағай  көшеттерін егубұл жолы да университетіміздің профессорларына бұйырып, бірқатарын студент жастар отырғызды.

Осының арқасында университеттің сыртқы келбеті өзгеріп, корпустардың арасын жалғастыратын аталмыш аллея тек студенттердің ғана емес, қала тұрғындарының да серуендеуі үшін жасалған әсем ортаға айналмақ.

Акцияға университет басшылығы,  профессор-оқытушылар құрамы,  студенттер және  магистранттар қатысты.

 

Без рубрики