02.03.2026 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжі «Еңбекті қорғау» пәні бойынша «Өндірістік санитария бөлімі, Жеке және ұжымдық қорғану құралдары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ КОРМПИ 11/24-2к тобының білім алушыларымен ұйымдастырылды.


Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге өндірістік санитария талаптарын түсіндіру, жұмыс орнындағы зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың адам ағзасына әсерін анықтау, сондай-ақ жеке және ұжымдық қорғану құралдарының маңызын меңгерту болды.

Ашық сабақ барысында:

өндірістік санитарияның негізгі қағидалары;

өндірістік зиянды факторлардың түрлері (шаң, шу, діріл, химиялық заттар және т.б.);

жеке қорғану құралдарының (арнайы киім, каска, респиратор, қорғаныс көзілдірігі, қолғап және т.б.) қолданылу тәртібі;

ұжымдық қорғану құралдарының (желдету жүйелері, қоршаулар, дабыл беру құрылғылары және т.б.) маңыздылығы қарастырылды.

Сабақ интерактивті әдістерді қолдану арқылы өткізілді. Студенттер теориялық білімдерін практикалық тапсырмалармен бекітіп, өндірістік жағдайларға байланысты жағдаяттық есептерді талдады. Сонымен қатар қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

Сабақтың қорытынды бөлімінде білім алушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі бағаланып, кері байланыс жүргізілді. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, студенттердің еңбекті қорғау саласындағы білімін тереңдетуге ықпал етті.

[/su_custom_gallery]
Без рубрики