Жаңалықтар


Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы



 

АҚПАРАТ

2018 жылдың 7  қарашасында  Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жақсының аты өлмейді» қалалақ жас ақындар айтысына Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жол – көлік» факультетінің 3 курс студенті, «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшесі, айтыскер жас ақын Бейсембеков Сырым қатысып,  БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді. Жетекшісі қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға-оқытушысы, пед.ғылымдарының магистрі Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы, аға-оқытушысы Хасен Мұрат Әбдірахманұлы

АҚПАРАТ

31.10.2018 ж. 1-ғимараттың 326 аудиториясында сағат 13.00-де ФИТ-18-2, ГИК-17-4, ОП-18-1 топтарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» аясында «Латын әліпбиі – заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараны Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы Хасен Мұрат Әбдірахманұлы мен оқытушы Кельдиярова Бақытгүл Ақылбекқызының ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

  • Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру;
  • Өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу;

АҚПАРАТ

2017 жылдың 2 жартысында Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысы» атты республикалық байқауда «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Хамзина Қарлығаш Мәуенқызының жетекшілігімен РЭТ-14-3 тобының студенті Бекмухамбетова Саида Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің атынан ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

АҚПАРАТ

2017 жылдың 14 желтоқсанында Талдықорған қаласында өткен «Ұлы Дала Елі – бәсекеге қабілетті көшбасшылар» атты ІІІ Республикалық студенттердің ғылыми-практикалық конференциясында «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Хамзина Қарлығаш Мәуенқызының жетекшілігімен ГД-17-7 тобының студенттері Құлымбет А., Амирова А., Зейнілғабиден А. авторлығымен «Тіл болашағы – Ел болашағы» атты мақала жарияланып, комиссия мүшелерінің қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Студенттер қатысушы сертификаты мен жүлделі орынға ие болғаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.

ҚарМТУ студенті  Амирғазы Еламан республикалық конкурста  жүлделі үшінші орынды иеленді

Махамбет атындағы облыстық драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай, Мемлекеттік әнұранның (мәтіні) авторы, көрнекті ақын Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің I республикалық байқауы өтті.

Байқау ұйымдастырушысы – Атырау облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Байқауға 18-35 жас аралығындағы еліміздің әр өңірінен келген 17 қатысушы қатысты.  Байқауға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Электрэнергетика, автоматтандыру және телекоммуникация» факультетінің 3 курс студенті, «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшесі Амирғазы Еламан қатысып, 17  үміткердің арасынан озып шығып жүлделі үшінші орынды иеленді. Ғылыми жетекшілері – қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, пед.ғылымдарының магистрі Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы, аға оқытушысы Хасен Мұрат Әбдірахманұлы

Латын әліпбиінің болашағының жарқын боларына жастар сенеді

Жол көлік факультеті «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының кураторлары аға оқытушылар: М.А. Хасен, Э.Қ. Түсіпбекова және оқытушылар: Л.М. Кулейменова, М.Т. Оспанғалиевалардың ұйымдастыруымен қараша айының 22 күні сағат 17.00-де І корпустағы №319 аудиторияда ТТ-17-1, ТТ-17-2, ТТ-17-3, ОП-17с топтарының студенттерінің арасында «Латын әліпбиінің болашағының жарқын боларына жастар сенеді!» атты тақырыпта дебат өтті.

Дебатқа универститеттің кураторлар кеңесінің төрайымы Н.А. Смағұлова, «Серпін-2050» оқу орталығының әдіскері А.О. Серикова, «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушылары Қ.Қ. Нұржанова, М.С. Амангельдиналар қатысты.

Мақсаты: Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында айтылғандай 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу — қазақ елінің ілгері жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, еліміздің жан-жақты дамуына, жемісі мен жеңісін әкелерін студенттерге дәріптеу.

Нәтижесінде І орынды ТТ-17-1 тобының студенті Гафарова Жұлдыз және ТТ-17-2 тобының студенті Айтбаев Жақсылық. ІІ орынды ТТ-17-1 тобының студенті Рахметова Ұлданай, ТТ-17-2 тобының студенті Әбуов Қасымжомарт, ІІІ орынды ТТ-17-1 тобының студенті Сейдаз Ұлданай, ОП-17с тобының студенті Қасымов Еркебұлан, Кенжеқара Дархан иеленіп, мадақтамамен марапатталды және топ құрамының қатысушылары алғыс хатпен марапатталды.

Төрешілер:
Қалдыбай Аяужан ТТ-16-1 тобының студенті

Арын Арайлым ТТ-16-1 тобының студенті

Өткізгендер: М.А. Хасен

Э.Қ. Түсіпбекова

Л.М. Кулейменова

М.Т. Оспанғалиева

Ана тілің – арың бұл

2017 жылдың 21 қыркүйегі күні қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған

«Ана тілің – арың бұл» тақырыбындағы мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс — шараны кафедраның аға оқытушылары   Ғ.М. Әбілқасов  пен М.Ә. Хасен және «Ұлттық тәрбие тағылымы» студенттердің үйірмесі ұйымдастырды . Студенттер мерекелік шараға белсенді  қатысты

 

Без рубрики