Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жайында  ПҚКОБ кафедрасының студентінің пікірі

«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығының құрметті студенттері.

Мен, Улгибаева Бегім, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығының 3 курс студенті, осы Университеттің оқуға конкурс жеңімпазы атанып, 2018 жылдың 10 қаңтарынан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып бастадым.

Сізге Томск политехникалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу жайында айтып, осы жерде оқып білім алуға ұсыныс білдіргім келеді.

Иә, мен алғаш келгенде, басқа студенттік ортаға үйрену қиын болды. Бірақ, бұл ұзаққа созылмады. Себебі, мұғалімдер барлығына бірдей құрметпен қарайды. Бұл жерде жоғарғы деңгейдлі білімді мұғалімдер, қызықты пәндер, танымдық материалдар! Тұрақты түрде өткізіліп отыратын конференцияларда көптеген пайдалы және қажетті ақпараттар ала аласыз. Сіз ғылыми жұмыс істей аласыз. Білікті және білімді мұғалімдер түсінбеген пәндерді, тақырыптарыңды әрқашан түсіндіріп, көмектесуге дайын. Сабақ кестесі студенттерге ыңғайлы болатындай етіп жасалған. Оқу ғимараттары 20 – дан асады. Кейбір ғимараттардың университеттің ашылғанына 100 – ден  аса жыл өткеніне қарамастан өздерінің әдемі сырт келбеттерін сақтап тұрғандығы маған ұнады.

Жатақхана жағдайы жақсы: бөлімдерде 4 бөлмеден, әр бөлмеде 2 – 3 студенттен тұрады. Бөлмеде тұру үшін барлық жағдай жасалған және бірінші қабатта жаттығу залы бар.

         Университет оқудан тыс спорт, шығармашылық, интеллектуалдық бағыттар бойынша көптеген түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Студенттер әрдайым бос уақыттарын қызықты өткізе алатын іс таба алады. Шетелдік студенттер өздері келген мемлекеттерін сипаттайтын әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Мысалы, мен қытай кездесулеріне барамын. Қытай студенттері клуб ұйымдастырған, олар апта сайын студенттерді жинап, ол жерде өз мемлекеттері өздерінің ұлттық мерекелері және қандай салт – дәстүрлері бар екендігі жайында қызықты ақпараттар айтады. Сонымен қатар, “Speaking English” клубы бар, ол жерде сен студенттермен сөйлесе отырып, ағылшын тілін жетілдіре аласың. Біз, Қазақстандықтарда, өз салт – дәстүрлеріміз бен әдет – ғұрыптарымыз жайында айтып, көрсетету үшін мәдени клуб ұйымдастырдық.

Жалпы айтқанда, егер сіз менен «Томск Политехникалық Университетіне оқу үшін  келуге тұрады ма?» деп сұрайтын болсаңыз, мен әрқашан да «ешқандай артық сөзсіз, ИӘ!» деп жауап беремін. Сіз сапалы білім алып қана қоймай, әдемі қалада өзіңіздің студенттік жылдарыңызды көңілді өткізіп, керемет әсер аласыз. Келіп оқуға кеңес беремін. ӨКІНБЕЙСІЗ.

2018 жылдың 30 наурызы күні Халықаралық геологтар күні қарсаңында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің  «Жастар Әлемі» студенттер сарайында ҚарМТУ-дың 65-жылдығы, «политехникалық институттың» 60-жылдығына арналған геологтар форумы өтті. Геологтар кәсіби мерекелерін жыл сайын сәуір айының алғашқы жексенбісі тойлайды.

Форумда  аға буын ардагер геологтардан бастап, ғалым, оқытушы және жас геологтар түгел бас қосты. Сонымен қатар жиынға Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің «Центрказнедра» аймақаралық департаментінің басшысы, т.ғ.к. Азамат Жеңісұлы Шалабаев, Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасының басшысы м.а. Қайрат Ғұсманұлы Шорманбаев, «Центргеолсъемка» ЖШС бас инженері, Құрметті кен барлаушысы  Бейбітшілік Қадырұлы Изақов,  ҚарМТУ түлегі, «Азимут геология» компаниясының  директоры Рахат Күзембайұлы Мұстафин, «Казгеология» АҚ  «Центргеология» аймақтық филиалының директоры, Құрметті кен барлаушысы Талғат Военұлы Матишев, білім ордамыздың  тау-кен факультетінің «Геология және пайдалы кен орындарын барлау» кафедрасының оқытушылары мен  студенттері қатысты.

Өз сөздерінде жиын қатысушылары осындай кәсіби іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы, Геология саласын дамытудың 2030 жж. арналған концепциясы аясында кәсіби мамандардың бір араға келіп, өндірістік мәселелерді талқылап, шешімін табуда, геологтар еңбегін дәріптеп, жас буынға үйретуде бұл басқосулардың  мәні арта түсетіндігіне  тоқталды. Сондай-ақ мұнда геология және геофизикалық өндіріс орындарына кадр тәрбиелеп келе жатқан университетіміздің сонау Қаныш Сатпаев іргесін қалап кеткен отандық геология саласын дамытудағы рөлі айтылды. Айта кету керек, қазіргі таңда 4,5 мыңнан астам университет түлектері еліміздің түкпір-түкпіріндегі өндіріс орындарында қызмет етіп, еліміздің өнеркәсібін дамытуға өзіндік үлесін қосып жүр.

Форум барысында аймақтың ең үздік геологтарға, осы саланы ғылыми тұрғыдан зерттеуге үлес қосқан ғалымдарға ҚР инвестиция және даму министрлігінің, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төс белгісі, грамоталары және алғыс хаттары, Геологиялық өндіріс орындары ассоциациясының – «Құрметті кен барлаушысы», «Кен барлау ісінің үздігі», «Кәсібіне адалдығы үшін» марапаттары, ҚарМТУ ректорының құрмет грамоталары табысталды. Осылайша форумның алғашқы күнінде өткен салтанатты жиын университет студенттері мен оқытушылары тарапынан әзірленген концертпен аяқталды.

Форумның екінші күні Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, «Центргеолсъемка» ЖШС, «Азимут геология» компаниясы, «Казгеология» АҚ  «Центргеология» аймақтық филиалы, ҚарМТУ командалары арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылып, футбол бойынша достық матч өтті.

«Геология» пәні бойынша облыстық олимпиада

2018 жылы 1 наурыз күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кенорнын барлау» кафедрасы Қарағанды қаласының Білім беру Департаментімен бірлесе  кәсіби бағыттау жұмыстары шеңберінде Қарағанды қаласының  мектептерінің  10-11  сынып оқушылары арасында «Геология» пәні бойынша облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиадада 27 мектептен 49 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі оқушылар орын алды:

 

1-орын: Шуданбеков Айбар — №63 мектептің 11сынып оқушысы;

2-орын: Ускова Ольга — №23 ЖОББМ 11 сынып оқушысы;

               Ким Марк — №97 гимназия10 сынып оқушысы;

3-орын: Бачук Глеб — №101 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

               Каткова Яна — №9 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

               Бурамбекова Аружан — №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы.

 

Олимпиаданың барлық қатсыушыларына олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттар берілді, ал жеңімпаздар мадақтама қағазы мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Оқушыларды олимпиадаға дайындап, белсенді қатысқаны үшін мектеп мұғалімдеріне мадақтама қағазы берілді. 

Іс-шара қонақтары: Телегин Руслан – Қарағанды қаласы әкімінің кеңесшісі, Клевцов С.Ф — қауымының басқарма мүшесі, Ломакин П.С. — «Аширит» тас қауымының мүшесі, суретші, ақын және әнші. Қонақтар өздерінің минералдар мен тау жыныстары жинақтарын көрсетіп, өлең оқыды, оқушыларды облыстың қызықты геологиялық нысандарымен таныстырды. Қонақтардың назарына геологтардың далалық өмірінің фрагменттері,  «Аширит» тас әуесқойлар қауымының минералдары үлгілері бар  фотосуреттерімен стендтер ұсынылды.

 

Қалалық семинар бағдарламасы»географияны оқыту арқылы оқушылардың кәсіптік оқытуға қызығушылығын арттыру»

Без рубрики