Сәулет-құрылыс факультетінің ғылымы

 Құжаттар  

Сәулет-құрылыс институтының ғылыми қызметі кафедра бейімділігі, монографиялардың басылуы, патенттер мен куәліктерді әзірлеу және алу бағыттарына сәйкес жүргізіледі.

Сәулет-құрылыс институтының кафедраларының ғылыми бағыттары:

— «Орыс тілі және мәдениет» кафедрасы (ОТжМ) кафедрасы «Техникалық жоғары оқу орындарында орыс тіліне оқытудың инновациялық әдістері» бағыты бойынша;

— «Құрылыс материалдары және технология» (ҚМжТ) кафедрасы 6 бағыт бойынша жұмыс істейді — «Құрылыс материалдарын өндірістің жанама өнімдері негізінде алу», «Ағаш және металл құрылғыларына отқа төзімді материалдарын алу», «Гидромелоративті құрылысында түрлендірілген бетон технологиясы мен қасиеттері», «Құрылымды-тұрақсыз грунтта ғимараттар мен құрылғыларды жобалау»; «Территориясы салынып біткен жерлерде ғимараттар мен құрылғылардың беріктілігін арттыру», «Іргетастың салмақ қабілетін арттыру және грунт негіздерін жобалау үшін геотехникалық қабілетін кешенді зерттеу»;

— «Сәулет және Дизайн» (СжД)  кафедрасы 4 бағыт бойынша жұмыс атқарады –«Қалалық мекенде түстерді қабылдау ерекшеліктері», «Қалалық мекендегі кіші сәулет формалары»,  «Тұрғын үй құрылысында оңтайлы шешімдер», «Қазақстан архитектурасы ескерткіштеріндегі эпиграфикалық декор»;

— «Механика»   кафедрасы 4 бағыт бойынша жұмыс атқарады – «Механикалық жүйелердің кездейсоқ тербелістері», «Конструкция элементтерін есептеудегі ықтималдық әдістері», «Қондырғының бір шамалы дірілқорғағыш жүйесін есептеу және жобалау», «Динамика және беріктік есептерін шешудің сандық әдісі».

Без рубрики